Баспана мәселесін шешуде жаңашылдық енгізілуде Избранное

Пятница, 18 Февраль 2022 04:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1299 раз

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев тұрғындардың баспана мәселелеріне қатысты қабылдап, олардың шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында, заң аясында тұщымды жауаптары мен кеңестерін берді.

296

 

Қабылдау барысында көп балалы отбасылардың, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санатына жататын тұрғындардың баспана мәселелерін тиімді шешу жолдары қарастырылды. Баспана кезегіне тұрудың тәртібі және кезектегі азаматтардың жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері түсіндірілді.
– Кезекте тұрған адамдардың баспана мәселесін тезірек шешуге барынша жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі таңда қалада баспана кезегіндегі азаматтарға арналған үйлердің құрылысы жылдан жылға қарқын алып келеді. Баспана мәселесінің оң шешілуіне қатысты жаңашылдықтар енгізілуде. Мемлекет қаражатты тек үй құрылысына ғана емес, жалдау ақысын субсидиялауға да бөліп жатыр. Нәтижесінде
Шымкентте 8 мыңнан астам отбасыға нақты көмек көрсетілу қарастырылып отыр, – деді Ғалымжан Әмірбекұлы.
Басқарма басшысы тұрғындарды әлеуметтік желі арқылы алаяқтардың жалған хабарландыруларына алданып қалмауға шақырды. Бұл бойынша құқық қорғау органдарына шағымдана алатындарын, үй кезегіндегі азаматтарға жалдамалы баспаналар заң аясында, кезек реті бойынша берілетінін жеткізді. Қабылдауға келген тұрғындардың қатарында тұрғын үй кезегі жақын қалған тұрғындар да бар. Азаматтар өз кезегін egov электронды порталы арқылы кез келген уақытта бақылай алады. Тұрғын үй кезегіне қатысты қызметтер толығымен автоматтандырылған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.