Игі бастама елді мекен жастарын бұқаралық қолжетімді спорт түрлерімен айналысуға шақыра отырып, салауатты өмір салтын насихаттауға, отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Чемпионатта елді мекеннің 200-ге жуық 4-17 жасқа дейінгі жасөспірімі қатысты. Ойын алаңшасында өткен жарыста қатысушар асық ату, турникке тартылу, қақпаға топ тебу, баскетбол және секіру бойынша сайысқа түсті. Жеңімпаздарға диплом мен медальдар табысталды.
Қалалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы осындай аула жарыстарын өзге де аудандарда ұйымдастыруды жоспарлап отыр.