Инженерлік жүйелермен қамту кезекте тұр Избранное

Среда, 30 Март 2022 04:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 769 раз

Еңбекші ауданындағы 35 елді мекеннің тұрғындар шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Бұл жөнінде Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек @akimat_shymkent парақшасында өткен тікелей эфир кезінде айтты. Аудан басшысы биыл атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталып, тұрғындардан түскен 40-тан аса сауалға жауап берді.

73

 

Биыл 6 тұрғын алаптың (Қарабастау, Жұлдыз, Қаратөбе, Тоғыс, Айнатас және Жыланбұзған) жаңа құрылыс аймағындағы 2 мыңнан аса абонентті ауыз сумен қамту мақсатында ЖСҚ әзірленді. Биыл құрылыс басталса, ауданның 2023 жылы ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. 2500 абонентті сапалы электр қуатымен қамту үшін жобалау-сметалық құжат әзірленді. Биыл құрылыс жұмыстарын бастау күтілуде. 13 тұрғын алаптың жаңа құрылыс аймағындағы табиғи газ жүйесімен қамтылмаған жалпы 6149 абонентке сәулет-жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) әзірленуде. Ауданды толығымен 2025 жылы табиғи газбен қамту жоспарда бар.

72


- Ұлағат, Мирас, Шапағат-2, Солтүстік-шығыс, Жұлдыз елді мекенінің 5 мыңға жуық абоненті кәріз жүйесімен қамтылады;
- 34 көше жарықтандырылады;
- 69,9 шақырымды құрайтын 116 көше асфальтталады, оның ішінде басымдылық шалғай аумақтарға беріліп отыр;
- «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында көп қабатты 51 үйдің ауласы абаттандырылып, Тұрдыабад, Қарабастау, Бадам-2 т/а, Оңтүстік, Цементшілер ш/а балалар ойын алаңшалары құрылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.