Шымкентте алаша тоқу өнері жаңғырды Избранное

Среда, 24 Август 2022 04:43 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 752 раз

Шымкент қаласында «Алтынға бергісіз – Алаша» этнофестивалі басталды. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестивальде көне алаша мен ұлтымыздың тоқыма үлгілері, жіп иіруге арналған ұршық, өрмек түрлерін қолданатын шеберлік сағаты өтеді.

418

 

Ұлттық құндылықты ұлықтаған іс-шараны қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұйымдастырып отыр. Этнофестиваліге Шымкент қаласымен қатар, іргелес Түркістан облысы және Нұр-Сұлтан, Тараз қалалары мен Атырау, Қызылорда облысынан қолөнер шеберлері келді.
Фестивальдің ашылу салтанатында сөз алған қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысының міндетін атқарушысы Дамир Жүнісов қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Ол қазақ халқының тыныс-тіршілігінде қолөнердің мәні жоғары болғанын атап өтті.
–Бүгінгі алаша фестивалі ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан алтын өнерді жарқырата түседі. Көздің жауын алатын дүниелер халқымыздың дүниетанымын айғақтайды. Бүгінгі шараға жиналған қолөнер шеберлеріне табыс тілеймін. Іс-шараға еліміздің түрлі аймақтарынан шеберлер қатысуда. Қолөнердің осы түріне қызыққан кез келген қала тұрғыны екі күн бойы шеберлік сабағын алуға болады. Қазір фестивальді республикалық деңгейде ұйымдастырсақ, алдағы уақытта халықаралық деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз,– деді Д.Жүнісов.
Мұнан кейін, әр өңірден келген ісмерлер алаша тоқудан шеберлік-сабағын өткізді. Шеберлер алаша тоқу үшін жіпті иіруден бастап, дайын болғанға дейінгі үрдістің қалай жүргізілетінін, оюлардың ерекшелігін баяндап берді. Түсіндіру барысында қала тұрғындары алаша тоқудың қыр-сырын үйреніп қана қоймай, практика ретінде ұлттық бұйымды өз қолдарымен тоқып көрді. Фестиваль екі күнге жалғасады.