Шымкентте игілікті дәстүрге айналған «Таза қала» акциясына қатысуға ниеттілер қатары жыл өткен сайын арта түсуде. Айта кетсек, акцияның басты мақсаты – тұрғындарды өз ауласын, көшесін, жалпы қала аумағын таза ұстауға біріктіру.

DSC 1509

Қазірдің өзінде акцияға қатысуға Қаратау ауданы бойынша 40 аула, 45 көше өтінім берген (өткен жылы аудан бойынша 27 аула, 43 көше өтінім берген болатын). Өз ауласы мен көшесінің тазалығын сақтауда тұрғындардың ынта-ықыласын арттырған шара бүгінде айтарлықтай нәтижесін беруде.

– Күнделікті кешке барлығымыз ауламызға шығамыз. Бір-бірімізге жәрдем көрсетіп, тазалық шарасына қатысамыз. Ағаш көшеттерін отырғызамыз. Әктеп-сырлау жұмыстарын ұйымдастырамыз. Бұрын бір-бірімізді танымайтын едік, енді міне, ортақ мақсатта күш біріктіріп, қала тазалығына үлес қосудамыз, – дейді «Нұрсәт» шағынауданындағы №142 үй комитетінің төрағасы Зайнулла Баймуханбетов.

Бұл ретте мамандар алдағы уақытта да тұрғындар қала тазалығына осы ынтамен үлес қосар болса, келешекте көшелер мен аулалар көркейіп, гүлдене түсеріне сенімді.


«Таза қала» акциясы қыркүйек айында қорытындыланады. Жеңімпаздар «Қала күніне» орай марапатталмақ. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 4 миллион теңге


– Айта кететін жайт, акцияға қатысуға ниет білдіргендер қатарында аудан аумағына қосылған тұрғын алабтардың да белсенділігі жоғарылаған. Қазіргі таңда біздің мамандар өтініш берген аулалар мен көшелерде зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ондағы оң өзгерістерді мақтаныш сезіммен әңгімелеуде, – дейді Қаратау ауданы әкімі аппаратының Халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бауыржан Қалдыбаев.

Мамыр айының 3-жұлдызында бастау алған «Таза қала» акциясы қыркүйек айында қорытындыланады. Облыстық «Азаматтық альянс» қауымдастығы ұйытқы болған акцияның жеңімпаздары «Қала күніне» орай марапатталмақ. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 4 миллион теңге.

Опубликовано в Қала
Четверг, 27 Июль 2017 04:52

Тазалыққа бәріміз жауаптымыз

Әл-Фараби ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық, аула, ішкі орам жолдарын тазалау жұмыстары бойынша 7 учаскеге бөлінген, әр учаскеге аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітіліп, жұмыстар өз дәрежесінде жүргізілуде.

IMG-20170504-WA0039

Аудандағы санитарлық тазалық жұмыстарын «Бәйтерек-ЛБ», «Нұр-Сат», «Бек-Асыл» ЖШС-лері және елдімекендерді абаттандыру және көріктендіру жұмыстарын «Қазақ соқырлар қоғамдық бірлестігінің» «Тұрар» ЖШС корпоративтік қоры мекемесі атқаруда. Аталған мекемелермен қазіргі уақытқа дейін 4334м³ қоқыс полигонға шығарылды. 421 қураған ағаштар кесіліп, 11 903 тал санитарлық қырқылды, 13 833 ағаш әктеліп, 260,05 га шөп орылды. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппараты тарапынан күнделікті жүргізіліп, қатаң бақылауға алынған.

tazalyq-1

Алайда, аудан аумағындағы елдімекендер мен көше бойларына, көпқабатты үйлердің аулаларына бей-берекет қоқыс және құрылыс қалдықтарын тастаушы тұлғалар да аз емес. Атап айтқанда, жыл басынан заң бұзушы азаматтарды тәртіпке шақыру мақсатында, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары мен ішкі істер қызметкерлерінің бірлескен бірнеше рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

tUeW9Mjg-8g

Рейдтік іс-шара кезінде «Нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 505 бабы бойынша құқық бұзушылықтар анықталып, 227 ескерту және айыппұл хаттамалары толтырылды. 

Осыған орай, жоғарыда айтылған жұмыстарды ескере отырып, барлық қала тұрғындарымен қонақтарын, қала тазалығын сақтауға белсене атсалысуға шақырамыз.

 

Мұхтар ТӨЛЕУІШ,
Әл-Фараби ауданы әкімі
аппараты Халықпен жұмыс
жүргізу бөлімінің бас маманы

Опубликовано в Қала

Шымкентте қаланы көркейту жұмыстары жалғасуда. Нақты айтқанда, беті ашық қалған құдықтар анықталып, жабылуда.

Оларға бұзылуы қиын қақпағы бар темір-бетон құрылымдар орнатылуда. Бұған қоса арықтар қоқыстан тазартылып жатыр. Осы орайда қалалық коммуналды қызмет өкілдері тұрғындардан арықтар мен құдықтарға қоқыс тастамауды сұрайды. Ал беті ашық шұңқырды көрген жағдайда жергілікті аудан әкімдіктеріне (Абай ауданы әкімдігі: 21-41-71; Әл-Фараби ауданы: 54-58-46; Еңбекші ауданы: 43-31-98, 53-27-43; Қаратау ауданы: 42-10-20, 42-20-19, 42-10-29) хабарласқан жөн немесе фронт-офиске 545-545 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Опубликовано в Қала
Среда, 07 Июнь 2017 05:22

Саябақтың сәулеті артады

«Сайрам» тұрғын алабы жаңа кейіпке енбек. Кезінде Испиджаб деп аталған, қазіргі Шымкенттің көне ауданының көшелерінде таяу болашақта сәулет ескерткіштері мен заманауи ғимараттар қатар бой түзейді.

30aa6dd0-3d9a-4cf8-962b-99a4a1ca9f85

Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов аталған тұрғын алапқа барып, тұрғындармен кездесті. Сапар барысында алдағы жоспарды қалай жүзеге асыру керектігін жергілікті тұрғындармен ақылдасты. Билік өкілдерінің «Сайрам» тұрғын алабындағы көшпелі отырысы Наурыз алаңын аралаудан басталды. Ашылғанына 26 жыл болған бұл саябақта қазір қайта құру жұмыстары жүруде. Енді екі аптадан соң жөндеу аяқталмақ. 

Кездесуде орталық көшелердің ахуалы да сөз болды. Шаһар басшысы осындағы кафелер мен дүкендердің иелерін ғимараттарды жөндеп, әрлеуді, таза ұстауды тапсырды. Бұл елдімекеннің көшелері де шұғыл жөндеуді қажет етеді. Осы ретте әкім тұрғын алабының орталық көшесіндегі шұңқырларды тез арада жөндеуге нұсқау берді. Ал Леңгірге апаратын жол толық жөнделмек.

– Қазір міне, саябақ пен бірнеше көшені аралап көрдік. Ескі айналма әткеншекті орнынан аламыз. Көшенің көркін бұзған орындарды да ретке келтіреміз. Тұрғын ретінде сіздер өз ұсыныстарыңызды айтыңыздар, біз бірге ақылдасып шешеміз, – деді қала әкімі.

Опубликовано в Қала

Шымкент – көп ұзамай гүл жайнаған қалаға айналады. Қала аумағында бұл жұмыстар үшін арнайы топтар жасақталған. Олар жаз бойы гүлзарлар мен саябақтарды күтіп-баптаумен шұғылданады. Яғни, әрбір мекеме аулалары көгалдандырылуы тиіс.

13656a41afe7eb0f2b4b7bc9ae8593d0 resize w 520 h

– Мұнда қызғалдақ гүлдері біраз уақыт бұрын отырғызылған, ендігі кезекте өзге де гүлдердің қатары артады, – дейді 7 жылдан бері гүл егумен айналысып келген кәсіпорын қызметкері Гүлнар Мамбекова. – Бірқатар тұқымдас гүлдер бізге Сарыағаш қаласынан жеткізілуде. Бұл барқыт гүлдер Тәуке хан, Момышұлы, Қонаев және Республика даңғылдарының бойында, Ордабасы алаңы мен өзге де көрікті орындарда әр беріп тұратын болады.

96eeffe915592bc634e5de36f4b85fd9

Айта кетейік, күні бүгінге дейін қала аумағында қызғалдақтың 320 мың түп көшеті егілген. Мамандардың айтуынша, қаланың әрбір шаршы метріне гүлдердің 38-40 түбі отырғызылмақ.

Опубликовано в Қала
Среда, 03 Май 2017 05:35

Арайлы да шырайлы шаһар

Шымкент қаласында тазалық жұмыстары жүргізілетін көшелер саны соңғы 5 жылда 58-ге артқан болатын. Көктем маусымына қарсы қаланы қызғалдақпен гүлдендірген мекеме бүгінгі таңда петуния, тагетис жаздық гүл көшеттерін егуді бастап жіберді. Қала тұрғындары мен қонақтары Темірлан тас жолының бойымен, Тәуке хан даңғылымен, Төлеметов және Желтоқсан көшесімен жүріп өтсе, жаздық гүлдердің жайнап тұрғанын көреді. Алда гүлге оранатын көшелер мен даңғылдар, орталық алаңдар көп-ақ.

IMG-20170425-WA0068

Шымкент қаласының тұрғын үй шаруашылық-коммуналдық бөлімінің басшысы Талғат Қасымбеков мегаполисті көркейту тек гүл егумен шектелмейтінін айтты.

– Қала аумағындағы көшелердің бойына, шатқалдарға, саябақтар мен гүлзарларға 49 800 дана ағаш көшеттері мен көпжылдық бұтақтар отырғызу жоспарланған. Бүгінде қала аумағындағы көшелер мен «Асар», «Нұрсәт» шағынаудандарында, Ақтас елдімекеніндегі №6506 әскери бөлімінің далалық оқу-жаттығу орталығына және «Шымсая», «Самал», «Юнус Эмре» шатқалдарында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде, – дейді Талғат Нәбиұлы.

IMG-20170425-WA0069

anyqtama 34Бөлім басшысының айтуынша, Қонаев даңғылына 7 295 дана боз арша, 140 дана шынар, Темірлан тас жолына 1 000 боз арша, 3 000 қара ағаш, 24 аққайың, 148 емен, 140 шынар, 121 талшын, 400 райхан көшеттерін отырғызу жоспарланған. Ал «Асар» шағынауданына 100 айлант көшеті мен 50 дана үйеңкі, №6506 әскери бөлімінің далалық оқу-жаттығу орталығына 6 750 дана қара ағаш көшеттері бөлінген.

Сондай-ақ, Шымқала «шатқалдарында» алдағы уақытта емен, қытай шағаны, үйеңкі, шаған, боз арша, жылауық тал, аққайың, қарағай, қара ағаш, сән ағаш, терек көшеттері көктейді. Тіпті, шатқалдағы саябақтардың кейбірінде жеміс ағаштары да болады деген жоспар бар. 

Жоспардағы 33 376 дана көпжылдық ағаш көшеттерімен раушан гүлдері егу жұмыстарынан кейін де көп күтімді қажет етеді. 

IMG-20170425-WA0062

– Шатқалдарды абаттандыру жоспарының бірінші кезеңі Қ.Төлеметов көшесінің бойындағы жалпы алаңы 38 гектарды құрайтын «Самал» саябағында бастау алды. Бұл кезеңде «Нұртас» шағынауданы тұсындағы 25 га «Шымсая», Әкімшілік іскерлік орталығы тұсындағы 25 га «Юнус Эмре» және «Қасірет» мемориалы тұсындағы 13 га шатқалдарын абаттандыру жұмыстары да қамтылуда, – дейді Т.Қасымбеков. 

Қазір бұл шатқалдардың жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Ал «Шымсая» шатқалының жобасы дайын, бүгінде облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылған. Жалпы алаңы 125 гектарды құрайтын тағы 12 шатқалды абаттандыру жұмыстары екінші кезеңге жоспарланып, демеушілер қаланы көріктендіруді бастап үлгерген. 

IMG-20170425-WA0079

IMG-20170425-WA0067Қала аумағында түнгі жарықшам желілерінің ұзындығы – 416,4 шақырым. Бұл 139 орталық көшелер мен 6 саябақ, 30 гүлзарда және жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол бойында іске қосылған. Түнгі жарықтандыру жұмыстары бойынша «Ақсемсерстройсервис» және «Стройсервис Ernur-K» ЖШС-і қызмет көрсетуде. 

Биыл тағы 23 көшені жарықтандыру, 4 көшенің жарықтандыру желісін қайта құру жұмыстары басталған. Соңғы 5 жылдағы көрсеткіштерге сүйенсек, қаладағы жарықтандырылған көшелер саны 98-ден 162-ге, яғни, 59,4 %-ға артқан. Дегенмен, қаланы көркейту мекеменің жұмысымен шектелмейді. 

Шымкент қаласында орналасқан «Абай», «Тәуелсіздік», «Жеңіс», «Орталық», «Металлургтер», «Нұрсат», «Этно-тарихи» саябақтары және «Шәмші әлемі», «Хан тәңірі», «Отбасы» аллеялары мен гүлзарлардың жалпы алаңы 116 гектар. 1 мамыр мерекесі мен жаз маусымының басталуына орай қала орталығындағы 21 субұрқақ іске қосылды. 46 ескерткіш, монумент, мемориалдар бар. Жанға жайлы мекендер Шымқалада әлі де арта түседі. Бұрынғы қоқыс полигонының орнына түскен 37 га аумақтағы саябақ құрылысы мен «Наурыз», «Мәртөбе» тарихи саялы бақтарында да құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Опубликовано в Қала

Қала аумағында «Жасыл қала» бағдарламасына сәйкес, сенбілік шараларын ұйымдастыру ісі жалғасын тапты. Қаратау ауданы әкімдігінің қызметкерлері өткен сенбіде көпқабатты үйлердің аумағындағы арық-атыздарды тазалап, 1 000-ға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарына қатысты.

20170422 124243

– Өткен жылы аудан көлемінде жүргізілген санитарлық жұмыстардың нәтижесінде біршама қураған ағаштарды кескен болатынбыз. Олардың біразын мұқтаж отбасыларға отын ретінде жеткізіп бердік. «Бір тал кессең, он тал ек» демекші, көктем шыққаннан ағаш егу науқаны басталды. Біз аудан тұрғындарын қаланы көгалдандыру ісіне тарту үшін алдымен өзіміз үлгі көрсетуге тырыстық. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, – дейді аудан әкімінің орынбасары Исамидин Мұхитдинұлы.

Сенбілікке шыққан әкімдік қызметкерлері ағаш отырғызумен қатар, «Таза қала» акциясы аясында қала тұрғындарын ауланы күтіп ұстауға шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Опубликовано в Қала
Среда, 26 Апрель 2017 09:13

21 көпқабатты үй жаңарады

Шымкент қаласында биыл «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 21 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Бағдарламаның шарттары бойынша күрделі жөндеуді жүргізу нәтижесінде жылу тұтынуды үнемдеуді, тұрғын үйдің инженерлік-инфрақұрылымын жаңғыртуды, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды көздейді. 

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 2040 көпқабатты тұрғын үй бар. Ол үйлердің басым бөлігі 1934-1990 жылдары салынған. Яғни, күрделі жөндеуді қажет етеді.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша 2011-2015 жылдары, яғни бес жыл ішінде республикалық бюджет есебінен облыстың аудан, қалаларында жалпы саны 188 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен.

Опубликовано в Қала
Среда, 19 Апрель 2017 10:16

Қаланы бірге көркейтейік!

Облыстық кәсіподақ орталығының белсенділері Шымкентті көгалдандыруға үлес қосты. Өткен сенбіде ғимарат алдында көшеттер отырғызылып, гүлдер егілді.

17952799 1542754745734532 6339459508676091157 n

– Ағаш көшеттерін біз өз қаржымызға отырғыздық, – деп бөлісті орталық төрағасы Ғани Қарабеков. 

– Жасыл акцияларды кез келген ұжым өткізе алады. Ол үшін көп қаражаттың қажеті жоқ. Ең бастысы, туған қалаңды, аулаңды әдемі әрі жайлы етуге ынта болу керек. 

Патриотизм, міне, осыдан басталады. Мұндай игі бастама біркүндік акция түрінде шектеліп қалған жоқ. Кәсіподақ ұжымы эстафетаны облыстық кәсіпкерлер палатасына ұсынды. Ендігі кезек кәсіпкерлерде. Олар қазір көгалдандыру, оның ішінде «Шатқал» бағдарламасы шеңберінде жұмысқа белсене кірісіп кетті. Валентина Ващенко осындай шараларға белсенді араласады. Қалалық білім саласы қызметкерлері кәсіподағының төрайымын қала тұрғындарының көшет отырғызу акцияларына ынтамен қатысатыны қуантады. 

17904020 1542723695737637 7414771532428237858 n

– Шымкент үшін жасыл желектің маңызы ерекше, – дейді ол. – Ыстықтан қорғап қана қоймайды, екінші жағынан ауаны тазартады. Бір кездері Шымкент Қазақстандағы ең жасыл қала болатын. Сол бір шаққа қайта орала бастағандаймыз. Халық даналығында әрбір адам өмірінде ағаш егу керек деген тәмсіл бар. 

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподағының құрамында бүгінде 205 мың шамасында адам бар.

Опубликовано в Қала

Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы, көріктендіру секторының бас маманы Жандос Оспановтың айтуынша, 2017 жылы қала аумағындағы көшелер бойына және саябақтар мен гүлзарларға 49 800 дана ағаш көшеттері отырғызылады. 12 850 м 2 алаңға 350 мың данаға жуық жаздық гүлдер егіледі. Ал 42 600 м2 раушан гүлдеріне күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ егілген ағаш көшеттері органикалық тыңайтқыштармен өңделеді. Қазіргі таңда 328 мың дана егілген қызғалдақ қалалықтарды әсемдігімен қуантуда. 

17757173 1898232003756491 5689903404644377685 nБиыл қала көшелерін абаттандыру жұмыстарын үш мердігер компания атқаруда. Олар –«ЛТД-Тұрмыс» ЖШС, «Бәйтерек ЛБ» ЖШС және «Жасыл қала» ЖШС. 

– Гүлді өсіру оңай емес. Жасыл желекке де бап керек. Әрбір өсімдіктің өзіндік ерекшеліктері бар. Қазір гүлдеп жатқан қызғалдақтар біздің еңбегіміздің жемісі. Мұнда қаншама адамның шеберлігі мен қол еңбегі жатыр, – дейді ЛТД Тұрмыс ЖШС-нің көркейту көгалдандыру бөлімінің жұмысшылары. 

Тұрғындар қала көркіне ерекше көңіл бөлініп жатқанына риза. Олардың қала басшылығына айтар алғысы шексіз. Түрлі түсті гүлдермен әсемделген қала саябақтары шымкенттіктердің сүйікті демалыс орнына айналып отыр. Айта кету керек, биыл 34 га жер теліміндегі бұрынғы қоқыс полигонына жаңа саябақ жұмыстарының бірінші кезеңі басталды. «Қуат құрылыс» мердігер мекемесі өздеріне жүктелген жұмысты тиянақты атқаруда. Сондай-ақ «Наурыз» саябағында қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеуден өткен саябақ биыл маусым айында пайдалануға беріледі.

Опубликовано в Қала
Страница 4 из 10