Пятница, 20 Май 2016 05:30

Көшелер көркейе түседі

Қала өмірінде жолдың атқаратын рөлі ерекше. Шымкент аумағы кеңейген сайын халық саны мен көлік нөпірі артып келеді. Тұрғындардың жол қатынасын жеңiлдету үшiн биыл қала аумағына енген 40-қа жуық елді мекеннің жолдары жөнделіп, қала бойынша 25 көшеге жаяу жүргінші жолдары салынады.

DSC 0620

Қазір жолды жөндеу жұмыстары басталып та кетті. Алғашқы болып Жыланбұзған ауылының 3 көшесіне жол салынды. Оған жергілікті бюджеттен 40 миллион теңге бөлінген.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдеуінше, биыл жол салуға қала бюджетінен 1 миллиард 700 миллион теңге қарастырылған. Мұнан бөлек 250 миллион теңгеге қала ішіндегі жолдардағы ой-шұңқырлар қалыпқа келтіріледі. Шымкентте 2810 шақырым жол болса, оның 1000 шақырымы тастақ, 300 шақырымы топырақ жолды құрайды.

Опубликовано в Қала

Әл-Фараби ауданы әкімдігі су алу қаупін болдырмау және алдын-алу мақсатында тиісті шараларды қолға алды.

Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен ішкі орамдық жолдардағы ирригациялық арықтарды тазалау жұмыстарын жандандыру және тұрғындарға ирригациялық арықтарды өз күштерімен тазалау, бекіткен бөліктерін бастапқы қалыпқа келтіру үшін көктем айларында аудан аумағындағы мекеме қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының студенттері, аудандағы орам, көше, үй басқарушыларының қатысуымен сенбілік іс-шаралары ұйымдастырылды.

Сенбілікте 36 техника мен 31 400-ден астам адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысып, 93,5 шақырым ирригациялық арықтар тазартылды.
Аудан тұрғындары өздері тұратын аумақтағы жол-көше бойындағы ирригациялық жүйелерді қоқыстан тазалау және ирригациялық арықтарды өз беттерінше бекіткен бөліктерін бастапқы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге және өзен-каналдардың су қорғау аймақтарында орналасқан құрылыс нысандарының иелерін тиісті қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз.

Д. Есілбек,
Халықпен жұмыс жүргізу
бөлімінің басшысы

Опубликовано в Қала

Шымкентте облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ескерткіштерді қорғауға арналған сенбілік өткізді. Жеңістің 71 жылдығына орай өткен шараға жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты. Олар қала орталығындағы жауынгерлердің құрметіне орнатылған ескерткіштерді тазалады.


13165856 968817073234632 6606260117047735150 n

Атап айтқанда, «Даңқ мемориалы», Ұлы Отан соғысының батырлары Б. Момышұлы, С. Рақымов, М. Мәметова, Ә. Молдағұловаларға арналған ескерткіштерді жастар тазалады. Мерекеде жастар майдангерлерге құрмет көрсетіп, қаламыздың көркеюіне өз үлестерін қосты. Тазалық шарасына 100-ге жуық ерікті қатысып, ескерткіштерді қалыпқа келтірді. Мұндай сенбіліктер қаламыздағы өзге де қараусыз жатқан мәдени орындарда жүргізілетін болады.

Опубликовано в Қала

Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен алғаш рет SHYMKENT ART DAYS 2016 өнер күндері бастау алды. Мамыр айының 13-15 жұлдызы аралығын қамтитын шара барысында Шымкент қаласы заманауи өнердің түрлі бағыттары көрсетілетін мульти-тәртіптік алаңға айналмақ.

Shymkent-Art-Days-2016

Мұнда стрит арт, жария өнер, граффити, өнердің визуальды түрлері, бейне-арт және дизайн жұмыстары бір-бірімен байланысқан симбиозда көрермен назарына ұсынылады. Заманауи үлгідегі инсталляциялар, перформанстар, акциялар, таныстырылымдар, коллаборациялар, экспозициялар, шеберлік сыныптар, флэшмобтар көрсетіліп, көпшілік дәрістер өткізіледі.
«Қазіргі заман жолдауы» тақырыбымен өтіп жатқан шара нағыз шығармашылық алаңға әрі жалпықалалық көркем шеберханаға айналады. Суретшілер, дизайнерлер, қала тұрғындары мен қонақтары әлемде болып жатқан оқиғаларға өз көзқарастарын білдіру үшін өнер нысандарын салады. SHYMKENT ART DAYS шеңберінде қазақстандық суретшілер мен сән дизайнерлері ART & FASHION коллаборация үлгілерінде жұмыс істейді.

Опубликовано в Қала

Ол – Жер-ана табиғатқа, қоршаған ортаға сергек қарайтын жан. Өзі тұрған мекенге, қала тазалығына бөлек көзқарас танытатынын ісімен дәлелдеп жүр. 21 шағынаудан тұрғыны Нұрлан Айтбаев өз ауласына, демалыс орындарында тал-теректер отырғызып, оларды күтіп ұстауды әдетке айналдырған. Қала тазалығына жанашырлықпен қарайтын азамат осындай-ақ болсын.

DSC01527Табиғат қорғаушысы бұны жас кезінде көрген тәрбиеден деп біледі. Он жылдан бері көктем және күз айларында тазалыққа белсене үлес қосады: тал отырғызады, жерсіндіреді, топырақтың сапасын қадағалайды. Одан қалса зерттеу жұмыстарымен де айналысады. Бәрі де өзінің ынта-ықыласымен. Жұмыстан босай қалғандағы әдеті осы. «Қошқар ата» өзені бойын көгалдандырып, абаттандыруды жалғыз өзі-ақ атқарып келеді.
– Өзім осы жерде тұрамын. «Тұрған мекеніңді таза ұста» деген ата-бабалар сөзі жадымнан шықпайды. Өзеннің айналасында жеті бұлақ көзі бар. Жылда солардың көзін ашып, өзімнің перзенттерім, аула балаларымен бірге абаттандыруға атсалысамыз. Бейқам жүре алмаймын, – дейді Нұрлан Айтбаев бұл ісінің мәнін түсіндіріп.
Бұл ісін 2006 жылы бастаған. Он жылдың ішінде ағаштар саялы орынға айналыпты. Бүгінде шағынаудандағы бұлақ суы бойында, «Шымкент келбеті және Панорама Шымкента» газеттері аллеясы жанынан өтсеңіз бұған анық көз жеткізесіз. Мұнда тал-теректердің он екі түрі көгеріп-көктеп тұр. 200-ден астам ағаш Нұрекеңнің өз қолымен отырғызылған. Олардың қорғаушысы да өзі.
Ойын балаларының қарап жүрмей ағаштарды сындырып, бүлдіріп кететін жағдайлары да жоқ емес. Ондайда талдарды қайта отырғызуға тура келеді. Мұны да сабырлықпен, өз ісіне ұқыптылығымен атқарудан жалықпайды. Бұдан бөлек, өнбей жатқанын дәрілеп, «емдейді» де екен. Осы күні тазалық жаршысы жаңа шағынаудандардың да көркеюіне үлес қосып жүр.
Бұл ісі мақтаныш немесе міндет қылу үшін де емес. Басты ниеті – табиғатқа деген ішкі экологиялық көзқарасында болса керек. Экологияны ішкі сезімімен сезіне білуде. Адам әуелі табиғатқа деген көзқарасын түземесе, қоршаған ортамен қарым-қатынасы да түзелмек емес. Табиғат жанашыры осыны алға тартады.
Біле білсек, Нұрлан Ергенұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор. Биология ғылымдарының кандидаты. 1991 жылы К. Тимирязев
атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген. Өзінің зерттеп жүрген тақырыбы да – гендік инженерия бағыты. Қазір «Мирас» универсиетінде «Биотехнология, гендік инженерия» пәнінен шәкірттерге дәріс береді.
Екі қыз, бір ұлы да қолғабыс етуге жарап қалған. Кешқұрым саябаққа барғанымызда үлгілі әке оларды да тал-терек отырғызуға, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеп жүргеніне куә болдық. Менің жұмысым емес деп селқостық танытуды хош көрмейтінін аңғардық.
Жалпы, әр адам бірінші өзінен бастау керек. Әр адам өзі жақсы болса, оның айналасындағы адам да жақсы болады. Өзі жақсы болса, оның перзенті де сол ізімен жүреді.
– Ауламызды таза ұстау өзімізге байланысты. Тазалық отбасынан басталады. Қазақта «Жер-ана» деген сөз бар. Тұп-тура айтылған сөз. Бәрін жерден алып жатырмыз. Елбасы әлем елдері алдында жариялаған өзінің манифесінде «Мемлекеттер әр түрлі, ал жер біреу» деді. Жерге Отан ретінде қарасақ келешекте жастарымыз патриот болады, – дейді өзі.
Кейіпкеріміз осылай ой айтты. Өзінің айтуынша, бір күндік, екі күндік акциядан қоғам өзгермейді. Күнделікті салауатты өмір салтын ұстанатын көзқарас болса ғана қоршаған ортамыз таза болмақ.

Опубликовано в Әлеумет
Пятница, 29 Апрель 2016 05:18

150 мың түп гүл екпек

Қала көшелері мен демалыс орындарына гүл егу жұмыстары қарқын алмақ. Бүгінгі күнге дейін «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС мамандары қаланың орталық көшелері мен демалыс орындарына 98 мың түп голландық қызғалдақ гүлін отырғызған.

img3

Енді тазалық мекемесінің мамандары қаламызда 150 мың түп көпжылдық гүл көшеттерін отырғызуды жоспарлап отыр.
Бір айта кететіні, қаламызда шафран, петуния, катарантус сияқты гүл көшеттері жерсіндірілуде. Енді салаға жауапты мамандар биыл бір жылдық гүлдерді шығыны аз, күтімге қолайлы көп жылдық гүлдерге алмастырмақ ниетте.

Опубликовано в Қала
Страница 10 из 10