458947

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын "Халық үніне құлақ асатын мемлекет"тұжырымдамасын іске асыру қажеттігі туралы атап өтті.

Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы күн сайын азаматтарды қабылдауда.

Осылайша, Департамент басшысы А. Жұмағали кезекті қабылдауын "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалында өткізді.

Қабылдау барысында азаматтар өздерінің құқықтарын қорғау, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүгініп, лауазымды тұлғалардыңіс-әрекеттеріне шағымданды.

Барлық өтініштер бойынша жан-жақты жауаптар берілсе,олардың кейбіреулері басшының жеке бақылауына алынды.

Айта кету керек, жыл басынан 50-ден астам жеке қабылдау өткізіліп, онда 90-ға жуық өтініш қаралды.

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді. Сапар барысында ол шаһардағы бірқатар әлеуметтік мәселелерге назар аударып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ партияның қалалық активімен кездесіп, партиялық жаңғыру аясында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев анықтап берген жаңа міндеттер мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған басымдықтарға тоқталып өтті.

2020

Елбасы 21 тамызда өткен партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынған болатын. Сол құжатта азаматтардың сұраныстарына уақытылы жауап беру, әсіресе өңірлердегі жұртшылықпен етене жұмыс істеу мәселесіне ерекше мән берілді. Сондықтан партия бұл бағытта белсенділікті одан әрі күшейтіп, қарқынды жұмысты қолға алды.

Осыған орай партия Төрағасының Бірінші орынбасары Шымкент қаласындағы сапарын Водопьянов көшесінен бастады. Маусым айында бұл көшедегі №1 көп пәтерлі үйден өрт шығып, соның салдарынан 45 отбасы баспанасыз қалған. Сол кезде қала басшылығы отқа оранған үйдің толығымен сүріліп, орнына көпқабатты үй салынатынын және одан зардап шеккен отбасыларға пәтерлер берілетінін айтқан еді. Алайда тұрғындар тамыз айында құрылыс жұмыстарының кешеуілдеуіне және құжаттардың рәсімделу мәселесіне алаңдап, наразылықтарын білдірді.

Бұл мәселемен әлеуметтік желі арқылы танысқан Бауыржан Байбек Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановпен бірге баспанасыз қалған тұрғындармен кездесіп, аталған бағыттағы жұмыстарды «Nur Otan» партиясының тікелей бақылауға алғанын айтты. Қазіргі таңда құжаттарды рәсімдеу жұмыстарының жүйелі түрде жүргізіліп жатқанына, зардап шеккен әр отбасына жаңа үйден тегін пәтер берілетініне тоқталды.

– Елбасы, партия Төрағасы мемлекеттің халыққа жақын болу керектігін, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, ашық жұмыс істеу қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы да «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынды. Сондықтан осы мәселені әлеуметтік желіден естіп, біліп, арнайы келдім. Қазір қала басшылығы, партияның қалалық филиалы бұл түйткілді оңтайлы шешу үшін барлық шараны қолға алды. Біз бұл істі соңына дейін бақылауда ұстаймыз, – деді Бауыржан Байбек.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы мен қалалық жер қатынастары басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар қолға алынған. Соның нәтижесінде бүгінде жерге орналастыру жобасы дайындалып, кадастрға келісім алу жұмыстары жүргізілуде. «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан инженерлік желілермен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама да сараптамаға тапсырылды. Қараша айында құрылысы басталатын 9 қабатты тұрғын үй 2020 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілмек.

Баспанасыз қалған тұрғындардың бірі – Сафура Батырбек бастарына қиын-қыстау күн туғанда мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп, барлық жағдайдың жасалғанын айтып, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ дүние-мүлкі мен киім-кешектерінің өртеніп кеткенін айтып, қолдау сұраған тұрғындарға партияның мұрындық болуымен материалдық көмек көрсетілгенін де айтып өтті.

Бүгінде елімізде қарқын алған игі істің бірі аймақтарда инфрақұрылымды дамыту. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында осы мәселеге үлкен көңіл бөлді. Мемлекет басшысы әр аймақ тұрғындарын таза ауыз сумен, табиғи газбен, жолмен біркелкі қамтамасыз ету және осы саладағы теңсіздікті жою үшін жұмысты жандандыру керектігін баса айтты.

Соған байланысты «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Шымкент қаласының «Азат» шағын ауданына арнайы барды. Бүгінде бұл аудан тұрғындары үшін ауыз су мен жылу мәселесі ең өзекті. Тіпті, тұтас бір ауданға ауыз су жеткізетін жалғыз су сорғы ғана жұмыс ітейді. Оның өзі жекенің қолында.

Газбен қамту мәселесінде де аудан халқын әуреге салған түйткілдер аз емес. Ауданды газбен қамтып отырған жеке кәсіпкерлердің бағаны қымбаттатуы азаматтардың жанына батып отыр. Желі арқылы аталған мәселелердің мән-жайына қанық болған Бауыржан Байбек азаттықтармен кездесіп, мемлекет тарапынан ауданның инфрақұрылымын дамытуға үлкен көңіл бөлініп отырғанын айтты. Алдағы уақытта осы мәселеге қатысты барлық бастама партияның жіті назарында болмақ.

– Әрине, бұл жерде шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселенің бар екенін білеміз. Бірақ бәрін бірдей шешіп тастау мүмкін емес. Сондықтан мемлекет тұрғындардың талап-тілектерін ескере отырып, ең алдымен, газ, жарық және ауыз су мәселесін шешуді қолға алады. Кейін жол және басқа да мәселелерді шешеміз, – деген партия Төрағасының Бірінші орынбасары барлық жұмыстардың заң аясында жүргізілетінін айтты.

Және де мемлекет тарапынан жер мен үйді заңдастыру жұмыстары қолға алынғанын айтып, тұрғындардың өздерін барлық істе заңға сүйеніп әрекет етуге шақырды. Бауыржан Байбек «Азат» шағын ауданы қарайтын Қаратау ауданының әкіміне бұл мәселені басты назарға алу керектігін айтты.

– Әкім елдің ортасында жүруі керек. Ешқашан халықтан қорықпай, азаматтарды алаңдатқан мәселелерді шешу үшін жұмыс істеу қажет. Өз кезегінде халық та бәрін мемлекеттің мойнына артып қоймай, қоғамдық бақылауды қолға алып, белсенділік танытуы тиіс, – деді Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, аталған шағын аудан 2014-2015 жылдары Түркістан облысының Сайрам ауданынан қала аумағына қосылған. Ал 2017-2018 жылдары қала әкімдігі тарапынан тұрғын алабының жерлерін рәсімдеуге рұқсат берілді. Сондай-ақ биыл, яғни 2019 жылы қала әкімдігі тарапынан 370 жер учаскесіне ауыз су, электр, табиғи газ желілерінің құрылысын жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін 12 млн теңге қаражат бөлінді.

Жалпы жобалардың болжамдық құнына келер болсақ, ауыз су желілері – 260 млн теңгені, электр желілері – 220 млн теңгені, ал табиғи газ желілері 250 млн теңгені құрап отыр. Бұл жұмыстарды жүргізуге 2020 жылғы бюджеттен 480 млн теңге бөлу жоспарланған. 2020 жылдың наурыз айында бюджетті қайта қарау барысында қалған 250 млн теңгеге түзету енгізу қарастырылуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстары да келер жылы жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Бұл жұмыстардың барлығын партия өз бақылауына алады.

Сонымен қатар, Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XXXVIII конференциясына қатысып, қаланың партиялық активімен кездесті. Кездесуде партия Төрағасы айқындап берген жүйелі жаңғырту жұмыстарына баса назар аударылып, алдағы басым-бағыттар кеңінен сөз болды. Соның ішінде партияның халық арасындағы беделін арттыру, сайлаушылардың сенімін ақтау, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі фракциялардың жұмысын күшейту, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жетілдіру, партияның идеологиялық әлеуетін нығайту сияқты маңызды мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.

WhatsApp Image 2019-09-19 at 14.12

Конференцияда Бауыржан Байбек Елбасы, партия Төрағасының тапсырмасымен Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың кандидатурасын партия қалалық филиалының төрағалығына ұсынды. Нәтижесінде конференцияның бірауыздан қолдауымен шаһар басшысы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы болып сайланды. Өз сөзінде партия Төрағасының Бірінші орынбасары қалалық филиалдың бұрынғы төрағасына партиялық бағытта атқарған жұмыстары үшін барша нұротандықтардың атынан алғыс білдірді.

Сонымен бірге ол партияның Шымкент қалалық филиалында жоспарланбаған қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініштеріне құлақ түрді. Қабылдау барысында негізінен жер учаскелерін заңдастыру, бөлу және рәсімдеуге қатысты мәселелер көтерілді. Нәтижесінде Бауыржан Байбек партияның қалалық филиалына әр мәселені бақылауға алып, оң шешілуіне ықпал етуді тапсырды.

Сапар барысында партия Төрағасының Бірінші орынбасары партияның Шымкент қалалық филиалының қызметкерлерімен және аумақтық партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарларымен кездесті. Еркін форматта өткен басқосуда тараптар қалалық филиалдың алдағы бағыт-бағдарын пысықтады.

Лауазымды қызмет қызықтырса...

Пятница, 20 Сентябрь 2019 03:46

Үшінші мегаполисте Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталды. Қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз жиынында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев дарынды жастар қатарынан іріктелген азаматтарды басшы лауазымдарға тағайындаудың мүмкіндігі мен іріктеуге қатысу жолдарын түсіндірді.

 DSC0660

- 1 қыркүйектен бастап барлық жас қазақстандықтар резервке іріктеуден өтуге және елдегі жоғары мемлекеттік басқару лауазымдарына тағайындалу мақсатында онлайн платформа арқылы өтінімдерін жолдауды бастады. Іріктеу барынша ашық өткізіледі, оған 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жас азаматтар қатыса алады.

Резервке қосылуға ынталы азаматтар pkrezerv.kz сайтына тіркелу арқылы бірнеше кезеңнен өтуі қажет. 300 жас 5 жыл бойы резервте болады, – деді Әли Амантайұлы.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасындағы Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыруды жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында аудан әкімдіктері мен жергілікті басқармалардың 35 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілердің кездесуі өтті.

Жиын барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев пен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Анар Сатыбалдықызы іріктеудің қалай жүргізілетінін кезең-кезеңімен таныстырды.

Атап айтқанда, кандидаттардың теориялық білімдері тестілеу арқылы анықталып, көшбасшылық қасиеттерді, сыни ойлау деңгейін, стратегиялық көзқарасын, үміткерлердің уәждемесі мен құндылықтарын бағалау жұмыстары ашық платформаға тіркелу арқылы жүзеге асырылады. 19 бен 35 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілер тест пен эссе жазу турынан өтсе, Президент Әкімшілігінің Сарапшылық комиссиясында әңгімелесуге мүмкіндік алады. Ал соңғы шешім Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында қаралады.

Жиын соңында мемлекеттік қызметшілер Нұр-Сұлтан қаласына барып-қайту жол шығыны мен ұсыныс хатқа байланысты сұрақтарына жауап алды. Ал Әли Амантайұлы шымкенттік жастарға ашық платформаға тіркеліп, іріктеуге қатысуда белсенділік танытуға шақырды.

Айта кетейік, іріктеуге қатысушылар 30 қыркүйек күніне дейін онлайн платформаға тіркелу керек. Ал Президенттік жастар кадр резерві арнайы құрылған ұлттық комиссиясының шешімі 25 желтоқсанда белгілі болады.

А.ЖӘДІГЕРҰЛЫ

Елімізде электронды үкімет құру идеясын Мемлекет басшысы өзінің республиканы әлемдегі бә¬секеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында білдірген болатын. 2004 жылғы 10 қарашада электронды үкіметті ендіру туралы «Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Президент Жарлығымен бекітілді.

Бағдарламаны іске асыру келесі міндеттерді кезең-кезеңмен шешу жоспарланған болатын:

Электрондық үкіметті қалыптастырудың бірінші кезеңінде – ақпараттарды жариялау және тарату.

Екінші кезеңі - мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара қарым-қатынасына тікелей және қайтармалы жолды интерактивті қызмет ұсынады.

Үшінші кезеңде - қаржылық және заң операцияларын үкіметтік порталдар арқылы жүзеге асыру жолымен транзакциялық қызмет көрсету.

Төртінші кезеңде - ақпараттық қоғамды толық қалыптастыру.

Бағдарлама 2005 жылы іске қосылып 2 жыл ішінде е-үкіметтің инфрақұрылымы қалыптастырылып, базалық құрамдас бөліктері құрылды: веб-портал және шлюз, ведомствоаралық электрондық құжат айналымы, куәландырушы орталықтары, бірыңғай көлік ортасы.

Сонымен қатар, 2007 жылы бүкіл ел бойынша бірыңғай тізілімге біріктірілген жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры тұрақты пайдалануға енгізілді. Веб-портал арқылы мемлекеттік органдардың 20 интерактивтік қызметтері іске асырылды.

2007 жылы электронды үкіметті дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда электрондық үкіметтің базалық инфрақұрылымын және қол жеткізу тетіктерін кеңейту және дамыту мақсаттары алға қойылды, мемлекеттік басқарудың және әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерістерінің сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында электрондық үкіметтің құрамдас бөліктерін дамыту.

«Электрондық үкімет» порталы – Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының Қазақстан туралы, оның үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар аударарлық орындары туралы ресми ақпарат ала алатын, сонымен қатар он-лайн режимде мемлекеттік органдар қызметіне ие болып және айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін бірыңғай ресурс.

Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімдерде 2000 астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Мысалы, «Білім» бөлімінен білім заңдылықтары, елдегі алдыңғы қатарлы оқу орындары, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін және қазақстандық ЖОО-ның Интернет-ресурстарына арналған пайдалы сілтемелерді, білім беру бағдарламаларын және мемлекеттік органдар туралы толық ақпарат таба аласыз.

Алайда портал тек ақпараттық ресурс қана емес, оның пайаланушыларына мемлекеттік органдардың әртүрлі электрондық қызметтері ұсынылады. Қазірдің өзінде ұзақ кезекте тұрып, уақытты босқа өткізбей-ақ мемлекеттік анықтамалар алуға болады – көп нәрсені өз компьютеріңіздің алдында отырып бітіруге болады. Бүгінгі күнге дейін «электрондық үкімет» порталында әділет, білім, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, сонымен қатар Жоғарғы сот пен Салық комитетінің 74 интерактивтік қызметтері көрсетіледі. 2014 жылға қарай «электрондық үкімет» шеңберінде барлығы әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызметтердің жартысынан көбін виртуалды формаға ауыстыру жоспарлануда.

Порталдағы электрондық қызметтерді пайдаланбас бұрын жаңа пайдаланушы ретінде порталға тіркелу қажет: пайдаланушы келісімімен танысып, жеке идентификациялық номерді (ЖИН) енгізіп және кілтсөзді ойластыру керек.

«Электрондық үкімет» арқылы халыққа көрсетілетін электрондық қызметтердің тізімінде көптеген тармақтар кілттің суретімен белгіленген. Демек, бұл қызметке ие болу үшін пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы тиіс. Тиынның суреті бар белгі бұл қызметке ҚР Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік баж салығын төлеу қажеттігін білдіреді.

2011 жылы порталға 5 жыл толды. Осы аздаған уақыт ішінде порталдың қалыптасуы ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық үш кезеңді басынан өткерді, порталда интерактивтік сервистер саны мен қызмет түрі өсті, онлайн төлемдер мен айыппұлдар төлеуге мүмкіндік ашылды. «Электрондық үкімет» дамуының игі нәтижесі ретінде, БҰҰ-ның рейтингіне сәйкес, Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 елдің құрамына кіріп, мүмкін болатын 192-нің 46–ы орында тұр.

 

Қаратау ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы С.Нуримбетова

Мемлекет басшысының жолдауы-бұл Президент Қазақстан халқына үндейтін маңызды саяси құжат, онда Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының ең басты басым бағыттары баяндалады. Қазіргі Ұрпақ Президенті Нұрсултан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы болып табылады өте елеулі дамыту кезекті кезеңі үшін ел.
Президент Жолдауының басты қортындысы: әлеуметтік экономикалық ахуалға қарамастан, елдің негізгі басымдықтары мызғымас, мемлекеттің стратегиялық бағдарлары бұрынғыдай қалады.

Азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім біздің басты құндылығымыз болып қала береді. Сонымен қатар, біз экономикалық өсу қарқынына ие бола отырып, әлемдік дағдарыстың  салдарын табысты еңсерудеміз.  Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, инвестициялық ахуалды жақсарту , жұмысқа орналастыру, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, тұрғын үй және басқа да салалардағы жетістіктер байқалады.

Мемлекет басшысының жаңа жолдауында 2018 жылы ел дамуының 6 басым бағыттарын белгілеп, білім беру, денсаулық сақтау және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету, Тиімді мемлекттік басқару, сот жүйесі жаңғырту, Қолжетімді тұрғын үй, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және т.б. жүйесін дамытуға көңіл бөлді.
Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне: табыстар мен өмір сүру сапасының артуына ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге-28 ден 42 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырды. Жалақының бұл көтерілуі әр меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін бір милионнан астам адамды қозғайды, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың 275 мың қызметкерін қамтиды, олардың жалақысы орта есеппен 35% өседі, бұл шаралар Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру мақсатында қол жеткізуге, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне және өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді деп сенемін.
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі негізгі құралдардың бірі отандық экспортқа бағдарланған өңдеуші экономиканы дамыту болып табылады, ол ел дамуының тағы бір локомотивіне айналуы тиіс. Ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие жоғары сапалы терең өңдеу өнімдері кәсіпорындардың жоғары табыс алуын ғана емес, жұмыс орындарына, салықтық түсімдерге кепілдік береді.

Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдаудың маңызды элементі Мемлекет басшысының 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық рақымшылық жасау туралы тапсырмасы болып табылады. Салықтың негізгі сомасын төлеу кезіндегі осы шара шағын және орта бизнеске айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша берешектік тазартуға және жұмысты таза парақтан бастауға мүмкіндік береді.

Президенттің жолдауы- бұл әрбір қазақстандық үшін іс-қимылға басшылық ету. Біздің барлығымызға қазір – түсіністікке келу маңызды: алға қойылған мақсаттарды табысты іске асыру үшін барлық азаматтардың күш-жігері қажет, өйткені стратегиялық құжат бүкіл халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, өйткені әрбір адам мұны түсініп, Елбасы Жолдауының міндеттерін іске асыруға қатысады.

Қазіргі үндеу мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды оқиға болып табылады, онда қазіргі заманғы әлеуметтік саясаттың басты назарында адамдардың сұраныстары мен мұқтаждықтары, жұмыс орындарын құру болуы тиіс. Ұлт Көшбасшысының жолдауы, бұл ретте алдағы онжылдыққа қойылған міндетердің нақтылығы сияқты.

 

Қаратау ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы С.Нуримбетова

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі қабылданып, этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған.

Бұл Кодекс мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді және халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Кодексте мемлекеттік қызметшілердің ұстануы тиіс мінез- құлықтарының жалпы стандарттары мен қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары бекітілген. 
Жалпы стандарттарға: мемлекеттік қызметшілердің өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы,  әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау жатады.

Яғни мемлекеттік қызметшілер азаматтармен, ұжымда сөз сөйлеуде сыпайылық пен әдептілікті ұстануы қажет. Өз кезегінде, халықпен өзара қарым-қатынасының негізгі көрсеткіші мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы болады. Сондықтан, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде халықтың сұранысына бағдар ұстану талаптарын қояды.

Мемлекеттік қызметші өзінің әдепсіз мінез-құлықы мемлекеттік аппаратқа деген сенімді бұзатынын түсіне отырып, оған жүгінген азаматтардың әрбір мәселесіне ұқыпты қарап, шешім қабылдау барысында уақыттылығын, заңдылығын және әділдігін қамтамасыз ету қажет.

Жалпы Кодекс мемлекеттік қызметшілердің мәдениетіне ғана емес, сондай – ақ қызметтік міндеттерді орындау мәдениетіне де талаптар қойды. Бұл нені білдіреді. Қазіргі таңда барлық өңірлерде Әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс жасайды. Олар өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарын ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының нәтижелерін қарайды.   

Стандарттың екінші түрі ол – арнайы стандарттар. Олар қызметшілердің мінез-құлық ережелерін өзге жағдайларда: қызметтен тыс уақытта, әріптестер арасындағы қызметтік қатынастар, көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарын белгілейді.

Яғни, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс. Дегенмен, бұл талаптар кейбір мемлекеттік қызметшілер тарапынан сақталмайды. 

Сондай-ақ, жаңа заңнамаға сәйкес осы жылдан бастап Әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілді. Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасын жүзеге асыратын, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін лауазым иесі. 

      

Қаратау ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы С.Нуримбетова

Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла

Среда, 18 Сентябрь 2019 03:57

Өткен аптада Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов жастармен жүздесіп, жас буын өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Еркін форматта өткен сырлы кездесу екі күнге жоспарланып, жастарға қатысты көп мәселенің күрмеуі шешілді.

 DSC9693

Әуелгі кездесуді «Bolashaq» Қауымдастығы ұйымдастырды. Басқосуда «Мен сіздерден нақты ұсыныстар күтемін, бірлесіп жұмыс жасауға қашан да дайынмын», – деді әкім.

Қазақстандағы Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы жобасы аясында өткен ісшараға Шымкент, Түркістан, Қызылорданың белсенді жас өкілдері қатысты. GR-кеңесшісі, «Bolashaq» бағдарламасының түлегі Нұрлан Өтешов жас буынды кәсіпкерлікке қалай баулуға болатынын сұрады. Өз кезегінде Ерлан Қуанышұлы Президент Қ.Ж.Тоқаевтың халыққа Жолдауында азаматтық сектордың белсенділігін арттыру туралы сөз болғанын, жастардың белсендігі мен креативтілігінің өзектілігіне тоқталды.

– Біздің жастар - бизнеске бейім. Қай салада да білім мен тәрбие бірінші орында тұрса, қоғамдық жұмысқа, азаматтық секторға, шағын және орта бизнеске тартылса, еліміз отыз озық мемлекеттердің қатарына қосылады. Жастарды, керек болса, партиялық жұмыстарға тартып, масылдық психологиядан арылту керек, – деді Ерлан Қуанышұлы «Bolashaq» бағдарламасының түлегі Ерасыл Төлебаев Шымкентте болашақтықтардың филиалын ашсақ деген ойын ортаға салса, «Жетіген» мектебінің директоры Камила Ескараева Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Аль-канун аспабында ғұлама ғалымның туындыларын жаңғыртып жатқанын жеткізді.

Бұдан бөлек, «қаланың қоғамдық кеңесіне МЕҰ мүшелері де қатысса, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағыдай жастардың ауқымды коворкинг орталығы ашылса, республикалық деңгейде ақындардың поэтикалық дуэлі мен «Ақын мен әнші» жобасы қайта тірілсе, пікір-сайыс клубы ашылса» дегендей ұсыныс-пікірлер айтылды.

Ерлан Айтаханов барлық ұсыныс-тілекті мұқият тыңдап, барлығын да қолдайтынын айта келе, Абай Құнанбаевтың 175 жылдық және әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларында атқарылар шараларда жастарды белсенді болуға шақырды.

– Абайдың бай мұраны өскелең ұрпаққа жеткізу үшін сүбелі жұмыстар атқарылуда. Одан бөлек, алдағы жылы әлем мойындаған ұлы ғалым, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай қазақ тіліне аударылмаған өлеңдерін жарыққа шығармақпыз. Аристотельден кейінгі ғұлама ойшылдың Отырар топырағында дүниеге келгені тарихтан мәлім. Енді, сол шежірелі Отырар оазисін, қала берді Сайрамдағы сансыз бапты, Түркістандағы түмен бапты, барлық киелі жерлерімізді төрткүл дүниеге танытуымыз қажет, - деп сөзін шегеледі шаһар басшысы.

Қала әкімінің екінші күнгі кездесуіне түрлі саладан 600-ден астам жастар қатысты. Жастар ресурстық орталығының ғимаратында басқосуда жастар студенттік жатақхана, өнерлі және спортшы жастарды қолдау, еріктілерге ғимарат бөлу, қоғамдық көлік, қаладағы коммуналдық шаруашылықтарға қатысты бірқатар мәселелерді шешуді ұсынды.

 DSC9766

Жиында сөз алған студеттер қала әкіміне қоғамдық көліктің жүру уақыттары және жол ақысы туралы сауал жолдады. Жолаушылар көлігінің жетіспеушілігін алға тартқан талапкерлер, әсіресе шалғай елдімекендерден қаланың орталығына қатынаудың қиындығын айтып, Ерлан Қуанышұлынан аталған мәселені шешіп берулерін сұрады. Қала әкімі аталған мәселеден хабардар екенін, тиісті басқармаларға алдағы уақытта шешуді тапсыратынын айтты. Мегаполис жастарын алаңдатқан сауалдың бірі – қолжетімді баспана мен жұмысшы жастарға берілетін арендалық пәтерлер еді.

Қала әкімі жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 2019-2021 жылдары аралығында жылына 1 мың жалдамалы пәтер салу жоспарланғанын айтып қуантып, Шымкентте 900 пәтер беру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын жеткізді. Баршамызға белгілі 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланған болатын. Осыған орай, қала басшылығы тарапынан волонтерлікті дамыту мақсатында еріктелерге жан-жақты қолдау көрсетілетіндігі айтылды.

Сұрақ-жауап барысында Ерлан Қуанышұлы өзінің студенттік шағын еске алып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. «Өз-өзіңді дамытуды, алған біліміңді жетілдіруді үнемі жалғастырып отыр керек, сонда ғана көздеген мақсатыңа жетесің» - деді Е.Айтаханов.

Үшінші мегаполисте қала тұрғындарының 30%-ға жуығын, яғни, 260 мыңнан астамын жастар құрайды. Кездесу соңында қала әкімі жастармен жиі жүздесуге дайын екендігін айтып, көтерілген тақырыптар аясында жұмыс істелетіндігін жеткізді.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ,
Азамат ЖАППАР
Фото Серік ҚОСАЕВ

70 мың тұрғын қуанышы

Среда, 18 Сентябрь 2019 03:53

Мегаполис тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында тағы бір қосалқы электр стансасының құрылысы басталды.

«Асар-2» шағынауданында бюджеттен тұрғызылып жатқан станса құрылысына 4 млрд 600 млн теңге қаражат қаралған.

Бекітілген жоба бойынша қосалқы станса жабық үлгіде болады. Жобалық қуаттылығы - 110/35 кВт құрайды. Нысан іске қосылған жағдайда қаланың 70 мың тұрғыны сапалы электр қуатына қол жеткізеді.
Қосалқы электр стансасы электр қуатын «Бозарық» стансасынан алып таратпақ. Мұндай үлгідегі стансалар қаламыздың «Нұрсәт», «Солтүстік Саяжай», «Астана 1,2» шағынаудандарында бой түзеген.

Тұрғызылып жатқан стансаның жер жұмыстары аяқталды, енді жалпы аумағы бір мың шаршы метр болатын ғимараттың құрылысы басталмақ. Жоба 2020 жылдың соңында толық аяқталып, іске қосылмақ.

Страница 5 из 337