Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлер саны қысқартылмайды. Бұған қоса 2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап жалақысы көтерілді.

DSC 0805

Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ХҚКО қызметкерлерінің жалақысы – 15 мың теңгеге, облыс орталықтарында – 10 мың теңгеге, ал басқа өңірлер мен қалаларда 5 мың теңгеге көтеріліп отыр, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері.

Бұған дейін ХҚКО қызметкерлерінің жалақысы соңғы рет 2012 жылы көтерілген. Жалақы қосымшасына қажет қаржы ішкі шығыстарды оңтайландыру мен мемлекеттік корпорацияның өз қаржысын үнемдеуден қарастырылып отыр.
Айта кетейік, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 61% электронды форматта көрсетілуде.

Өмір салтын жақсартатын 3 жағдай

Среда, 06 Февраль 2019 04:06

Жалақы көбейді

1533234981 d5024359a099f285a54cba21415943d3

Елімізде Елбасының бес әлеуметтік бастамасын орындау бағытында тиісті жұмыстар іске асырылуда. Мысалы, ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есе көбейтіліп, 42 500 теңгеге жетті. Бұл жаңалық түрлі салада жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамға қатысты. Орташа есеппен бұл азаматтардың жалақысы 35%-ға өсті.
Әр қазақстандықтың өмір салтын жақсартуға бағытталған іс-шаралар салық салуға да қатысты. Соның бірі ретінде айлық жалақысы АЕК-тің 25 еселенген мөлшерінен төмен азаматтардың салық мөлшерлемесі төмендетілді. Бұл жаңалық Шымкент қаласында 26 868 адамға қатысты болып отыр. Бұл жөнінде қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Осылайша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен жалақысы төмен қазақстандықтардың салық жүктемесі 10 есеге азайтылып, 1 пайыз ғана салық салынады. Бұл шаралар аталған тұрғындардың өмір сүру деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бередi.
Бұрын аталған санаттағы қызметкерлерден 1431,3 теңге жеке табыс салығы ұсталатын болса, биылдан бастап бұл сома 143,1 теңгені құрайды немесе салық жүктеменің төмендеуінен тиісінше жалақыға сақталатын сомасы 1288,2 теңгені құрайды. Яғни, аталған реформа аясында бір қызметкердің жыл ішінде 15,5 мың теңгеге дейін үнемдеуіне мүмкіндік бар.

Айта кетейік, 2019 жылғы айлық есептік көрсеткіш мөлшері 2525 теңге болса (2018 жылы – 2405 теңге), онда жалақысы 63 125 теңгеге дейінгі тұлғалар 1 пайыз ғана табыс салығын төлейтін болады.

Салық төмендетілді

Жалақысы төмен қызметкерлердің кірісін арттыру мақсатында олардың салық жүктемесі төмендетіліп отыр.
– Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының екінші бастамасы жалақысы төмен қызметкерлердің салық мөлшерлемесін төмендетуге бағытталған, - дейді Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының жетекшісі Рахима Алеева. – Сондықтан 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен қызметкерлердің салығы 10 есе төмендетілді. Енді айлығы 63 125 теңгеден төмен қызметкерлер 1% кіріс салығын төлейді.

Мысалы, қызметкердің айлық жалақысы 63 125 теңге болса, бұл сомдан 6 313 теңге көлемінде міндетті зейнетақы жарнасы ұсталады. Қалған 56 812 теңгеден ең төменгі жалақы сомасын - 42 500 теңгені аламыз. Одан қалған 14 312 теңге салық салынатын кіріс саналады. Бұл сомадан жаңа механизм бойынша 1% немесе 143 теңге кіріс салығы ұсталады (бұл салық мөлшерлемесі бұған дейін 10% немесе 1431 теңге еді).

Қазынаға түсімдер артты

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың қорытындысымен барлық деңгейдегі бюджеттер бойынша бекітілген болжамды орындады. Атап айтқанда мемлекеттік бюджет бойынша межеленген жоспар 107% орындалған, яғни жоспар 167,5 млрд теңге болса, бюджетке нақты 179,3 млрд теңге өндіріліп, 11 млрд 723 млн теңге артығымен қамтамасыз етілді.

Оның ішінде республикалық бюджет бойынша жоспарланған 89 млрд 597 млн теңгенің орнына нақты 96 млрд 450 млн теңге өндірілді, орындалуы 108% немесе 6,8 млрд теңге артық жиналды. Жергілікті бюджет бойынша жоспар 78 млрд теңге болса, нақты 82,8 млрд теңге өндіріліп, орындалуы 106%-ды құрады немесе жергілікті бюджет қоржынына артығымен 4 млрд 870 млн теңге қамтамасыз етілді. 2017 жылы 70,7 млрд теңге түскен болса, 2018 жылдың түсімдерінің өсу қарқыны 117% құрап, 12,1 млрд теңгеге артты.

А.СӘДУӘЛІ

Міндетті медициналық сақтандыру жайлы Заңында белгіленген мерзімде 2017 жылдан 1 шілдесінен бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өзінің жұмысын бастады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басты бағыты мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген.

Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, азаматтар қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе алады мысалы, егерде азамат өзін-өзі қамтитын санаттағы азамат болса жылына 25 500 теңге (айына 2 125 теңге х 12 айға) жарна аударып, сырқаттанып қалған жағдайда бүгінгі таңда белгіленген 44 000 теңгеден бастап 4 500 000 астам аралығындағы көрсетіміне қарай ем қабылдауға мүмкіндігі болады.

44 000 000 тенге жұрек ауыстыру операциясын жасауға мүмкіншіліктер туады.

Сол сияқты, өзіміздің үйімізге немесе жұмыс орнымызға жақын орналасқан емханаларға немесе жеке медициналық ұйымдарда медициналық көмек алуға болады.

Яғни, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мемлекетіміздін әрбір азаматы уақытылы, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік көмекті ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына еңгізілген мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелерде алу қамтамасыз етіледі.

Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, азаматтар қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне және кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе алады;

Міндетті медициналық сақтандыру таңдау – тұрғындардың қажеттіліктеріне жауап беретін заманауи қолжетімді медицинаға жол ашады.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады.

Медициналық сақтандыру жүйесінің аясында :

-         жедел жәрдем және санитариялық авиация;

-         әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі медициналық көмек;

-         шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;

-         профилактикалық екпелерден бөлек,

-         амбулаториялық-емханалық көмек;

-         стационарлық көмек;

-         стационарды алмастыратын көмек;

-         жоғары технологиялық медициналық қызметтер.

Амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі.  

-         Амбулаториялық-дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету желісін кеңейту арқылы халықтың қызметтерге қолжетімділігін арттыру

-         Сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі деңгейін арттыру

-         Азаматтардың денсаулығын жақсарту және өмір сүру ұзақтығын арттыру

Ал енді жұмыс берушілер 2017 жылдың 1 шілдесінен жұмыскердің айлық жалақысының 1% мөлшерінде жарна төлей бастаса, жеке кәсіпкерлер және соларға теңестірілген тұлғалар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар 2017 жылдың шілде айынан бастап   жарналар аудара бастады.

Елбасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелеріне қатысты заңдарды жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында жарна мөлшерін қысқартуға, сонымен қатар, бизнеске түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.

Осылайша, жұмыс берушілер үшін ең жоғарғы мөлшерлеме 2019 жылы жұмыскердин айлық жалақысынан 1, 5 % жарна аударады, жеке кәсіпкерлер үшін – 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі екі айлықтын 5% айына 4250 теңге, жұмысшылар 2020 жылдың 14 қаңтарынан бастап айылқ жалақының 1% жарна, халықтың экономикалық белсенділігі төмен бөлігі, яғни өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар – 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі бір айлықтын 5% айына 2125 теңге аударады.

Аударылған жарнасының көлеміне қарамастан тегін медициналық көмектің кепілді көлемін толыққанды алатындарын, жылына аударған 25 500 теңгеге сақтандыру пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтер қолжетімді.

Қалай болғанда да пациенттің таңдау құқығы шектелмейді. Ол: Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) пакетімен шектелсе де, қалтасынан қаржы шығарып жеке меншік клиникада емделем десе де, тиісті жарнаны төлеп, өткен 12 айдың қарызын өтеу арқылы МӘМС жүйесіне кірем десе де өзі шешеді.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар келесідей жарналарды аударады :

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына мемлекет 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 пайыз жарна аударады, атап айтқанда 14 санаттағы азаматтарды келесілер жатады :

1) Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

2)Үш жасқа толғанға дейінгі баланы (балаларды) іс жүзінде тәрбиелейтін, жұмыс істемейтін тұлғалар;

3) Үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша демалыстағы тұлғалар; 

4) балалар;

5)Алқалар және ордендермен марапатталған көп балалы аналар;

6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім жасап отырған жұмыс істемейтін тұлғалар;

7) Мүгедектер;

8) Тіркелген жұмыссыздар;

9) Тергеу изоляторларында ұсталатын тұлғалар;

10) Сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан тұлғалар;

11) Зейнетақы төлемдерін алушылар, соның ішінде мүгедектер және Ұлы Отан соғысына қатысқандар;

12) 1 жыл ішінде жұмыс істемейтін оралмандар;

13) Білім берудің күндізгі оқыту нысанындағы оқу орындарының түлектері;

14) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан тұлғалар.

Бұдан бөлек, қорға аударылған барлық сақтандыру жарнаға қатысты мәліметтер ашық түрде болатынын, сақтандыру жарнасын төлеген азаматтар арнайы желідегі «жеке кабинетінен» төлемдердің барлығын ашық түрде көре алатынын, қорда жиналатын қаражаттың медициналық қызметтерге бағытталуы өте маңызды, сондықтан қаржы емделетін әрбір азаматқа тікелей бағытталады.

 

А.С.Беден

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

коммерциялық емес акционерлік қоғамының

Шымкент қаласы бойынша филиалының

халықты ақпараттандыру және

өтініштерді қарау жөніндегі

бөлімінің басшысы 

Л.Б Сарсебаева №13 емхананың ЖТД бөлімінң меңгерушісі

Шымкент қаласында автобустардың жолдағы қозғалысын көрсететін ShymQala мобильді қосымша іске қосылды. Бұл туралы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері хабарлады.

моб

Мамандардың айтуынша, мобильді қосымша қала ішіндегі №141, 147, 147«А», 148«А», 148«Б», 102, 109, 118 және 26 бағыттарда пилоттық режимде енгізілген. Қосымшаны смартфонға интернеттен жүктеп алуға болады.

Телефон экранынан автобустар белгіленген карта шығады. Қажет бағытты таңдап, автобустың жолын ғана емес, қай жерде келе жатқанын да білуге болады. Бұл өз кезегінде аялдамада автобус күтуде септігін тигізеді дейді мамандар.
Қосымша әзірге Android құрылғылары үшін сынақ ретінде ұсынылған. Алдағы уақытта қызметі жаңартылып, іОS жүйесі үшін де нұсқасы әзірленеді.

Болашаққа - кітаппен!

Пятница, 01 Февраль 2019 04:53

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Кітап қалай пайда болды?» атты библиографиялық медиа-сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараға А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.

Болашаққа кітаппен 3

Библиограф М.Алиева оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында білімнің кітап арқылы берілетінін, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіріп өтті. Еліміздің мәртебесін жоғары көтеретіндей азамат болу үшін көп кітап оқу керек екенін де ескере кетті.
Сабақта оқырмандарға кітаптың ең алғаш қайда және қалай пайда болғаны жайлы, оның ең көне түрлері және заман талабына сай шығарылған электронды кітап жайында слайд көрсетілді. Кітап оқыған адамның білім көкжиегі кеңейе түседі дейді оқытушылар.
Оқушылар кітаптың заманауи баспаханаларда қалай басып шығарылатыны жайлы бейнероликті тамашалады. Ал белсенді оқырмандар арасынан Аяна Амантай өзі шығарған «Кітап – ең сабырлы ұстаз» атты эссены оқып шықты.
Медиа-сабақ соңында «Ғасырлардан сыр шерткен» көрме-шежіресіне шолу жасалып, «Кітапты жаңаша оқу» ойыны ұйымдастырылды. Библиографиялық сабақ соңында кітапхана атынан белсенді оқырмандарға сыйлықтар тапсырылды.

Ф.Ахлиукова,
облыстық Ы.Алтынсарин 
атындағы балалар
кітапханасының қызметкері

 

Бүгінгі шәкірт – ертеңгі маман

Пятница, 01 Февраль 2019 04:51

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа!».  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай дейді.

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалык «Жас ұлан» мектебінің ұландары оқу процесінің бекітілген кестесіне сәйкес 2018/2019 оқу жылында қысқы демалысқа шығып, 21 қаңтарда мектепке қайта оралды. Демалыс барысында ұландарға «Жас ұлан» мектебі жайлы және де оған үміткерлер жұмылдыру мәселесі бойынша өздерінің оқыған мектептеріне барып, 8-9 сынып оқушыларымен үгіт-насихат жұмысын жүргізуге тапсырма берілген болатын.

Бұл іс-шараға ұландар жауапкершілікпен қарап, тапсырманы орындап қайтты. Айта кетсек, 3 рота 2 взвод ұланы Ермахан Лидер өзі 9 сыныпты тәмамдаған М.Х.Дулати атындағы мектепке барып, АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, лейтенат Б.Болат ағайымен бірге 8-9 сынып оқушылары арасында «Мамандық таңдау» тақырыбында кездескен. Кездесуде ұлан Ермахан Лидер Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымовтың өмірбаянына тоқталып, «Жас ұлан» мектебі туралы біраз мағлұмат берді.

Үгіт-насихат жүргізу барысында оқушылар тарапынан әскер мамандығы бойынша түрлі сұрақтар қойылып, оған нақты жауап бере отырып, осы оқу орнына түсем дейтін ниет білдірушілерге есік ашық екенін айтты. Бұл кездесуге 8-9 сынып оқушыларынан 70-тен аса оқушы қамтылып, солардың ішінен біразы осы оқу орнына түсеміз деп ниеттерін білдірді.

Сонымен қатар 3 рота 3 взвод ұланы Мұхтарұлы Мадияр №69 мектепте мамандық таңдау мақсатында 8-9 сынып оқушыларымен кездесіп, Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі туралы үгіт-насихат жүргізді, оқушылардың әскер мамандығына деген қызығушылығын оятып, мамандығын дұрыс таңдаған адам өз мемлекетінің тыныс-тіршілігінің жақсаруына септігін тигізетінін айтып, Шымкент республикалык «Жас ұлан» мектебіне шақырды.

А.Оспанқұлова,
Кеңес Одағының Батыры Сабыр
Рахымов атындағы «Жас ұлан»
мектебінің қызметкері

Шымкентке «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Бақыт Темірова бастаған жұмысшы топ келіп, бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Басқосуға партияның Шымкент қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов қатысты.

New emblem of the Nur-Otan

Сайрам тұрғын алабында ауыл тұрғындарына көшпелі қабылдау ұйымдастырылды. Партия мүшелері тұрғындардың әр өтініші мен шағымын мұқият тыңдап, кейбір мәселелерді қабылдау барысында шешті, ал кейбір мәселелерді қоғамдық қабылдау басшысы жеке бақылауға алды.

Бұдан кейін Шымкент қаласы əкімдігінің фронт-офис ғимаратында «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының механизмдерін түсіндіруге арналған жәрмеңке өтті. Жәрмеңке барысында екінші деңгейлі банктердің өкілдері несие алу мәселелері бойынша кеңес берді. Ал партиялықтар тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдады және қабылдау барысында қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.

Контрафактілік тауарларды сатып алу қаупін болдырмау үшін өнім белгілері бар-жоғын есте сақтап, тексеріп алу қажет. Тіркелген  тауар белгісі – тауар таңбасы ретінде бейнелеу, сөз, көлем белгілері және өзгеде белгілер кез келген бояулы түстер үйлесімінде тіркелуі мүмкін. Тіркелген әрбір тауар белгісіне заңды иесі тауар белгісі пайдаланатын өнім толық сипатталатын куәлік алады. Тауар белгісін қорғау белгісі – латынша «R» әріпі шеңберге алынған болуы тиіс.

Әрбір тіркеуге алынған тауар белгісінде құқықтық қорғау мен сақтау белгісі болады, ол тауар белгісінің жанына орналастырылады және бұл белгі аталған тауардың қорғалатынын білдіреді. Құқық иеленушінің рұқсатынсыз оның тауар белгісіне ұқсас белгілерді, тауар белгісін дараландыру үшін тіркелген тауар таңбасын немесе біртектес тауарларды пайдалануға ешкімнің де құқығы жоқ, себебі осылайша пайдаланудың нәтижесінде олардың араласып кету мүмкіндігі туындайды. Тауар белгісін пайдалануға рұқсат беретін құжаттар. Құқық иеленуші заңмен қорғалатын және тіркелген тауар белгісін басқа тұлғаға пайдалануға бере алады, алайда ол тиісті құжаттармен (тауар белгісіне берілетін айрықша құқықты иеліктен шығару туралы келісім-шарт немесе тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық келесем-шарт) расталуы тиіс.

 Қазіргі таңда, Қазақстанның тұтыну нарығында, сондай-ақ жалпы әлем бойынша контрафактілік (жасанды) өнім көлемі ұлғаюда. Адамдардың көпшілігі контрафактінің тигізетін залалын сезбейтіндіктен, сапасыз тауарларды өндірушілердің құрбанына айналады. Контрафактілік өнім түпнұсқа секілді қымбат бағада сатылуы мүмкін және керісінше, сатып алушы үнемдеу мақсатында әдейі арзан жасанды затты сатып алады. Қазақстанның тұтыну нарығында сапасы төмен, ал кейде қауіпті өнімнің пайда болуы ұлт денсаулығына залал келтіреді және тұтынушылардың өміріне қауіп төндіреді, мемлекеттің экономикасына, ел беделіне елеулі нұқсан келтіреді. Адал ниетті тұтынушылардың қатысуынсыз контрафактілік өнімдерге қарсы күресте  табысқа жету мүмкін емес.

Қазақстандық нарықта танымал әлемдік брендтердің жасанды тауарларының саны көп. Жасанды тауарлар нарыққа әлдеқашан шыққан және бір-бірімен бәсекелес. Контрафактілік өнімнен айыруға  құқық иеленуші-компаниялардан (бренд иесінен) өзге ешкім қызығушылық танытпайды.  Компания өзі жеке немесе өзінің өкілі арқылы елдегі мемлекеттік органдарға немесе сотқа жүгіне алады және осыдан кейін құқық иеленушінің арызы бойынша ғана құзырлы органдардың бұзушыларға қарсы  әрекеттерді жасау құқығы пайда болады.        

                     

                     Шымкент қаласы Әділет

                     департаментінің бас маманы

                     Азимова Дина

Страница 4 из 283