АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Вторник, 13 Февраль 2024 05:02

2024 жылғы 1 қаңтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 17,9 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 2023 жылы жинақ сомасы 3,2 трлн теңгеге немесе 21,8% ұлғайды.

Зейнетақы жинақтарының басым сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасып, 17,3 трлн теңгеге жетті (2023 жылғы өсім - 21,6%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы ­- 568,5 млрд теңге (2023 жылғы өсім - 27,6%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 5,3 млрд теңге (2023 жылғы өсім - 48,3%) болды.

2023 жылы салымшылардың шоттарына шамамен 2,2 трлн теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті. Ол өткен жылғы көрсеткіштен 434,6 млрд теңгеге немесе 25,2% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,5% мөлшерін БЖЗҚ-ға МЗЖ есебінен түсетін түсімдер құрайды. Олардың мөлшері – 2,1 трлн теңге (бір жылдағы өсім - 25,3%). МКЗЖ есебінен 95,5 млрд теңгеден астам қаражат түсті (бір жылдағы өсім - 24%). ЕЗЖ көлемі 2,3 млрд теңге.

Зейнетақы жинақтарының едәуір өсуіне салымшылардың зейнетақы жарналары есебінен ғана емес, сонымен қатар 2023 жылы шамамен 1,6 трлн теңгені құраған таза инвестициялық кірістің арқасында қол жеткізілді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 685,4 млрд теңгеге немесе 77,7% артық.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 12,3 млн бірлікке жетті. ЖЗШ-ның ең көп саны МЗЖ бойынша ашылған. Олардың саны - 11 088 699 бірлік. МКЗЖ есебінен қалыптастырылған шоттар саны - 642 462 бірлік, ЕЗЖ бойынша шоттар саны - 397 231 бірлік.

2023 жылы БЖЗҚ салымшыларына 591,3 млрд теңге төледі. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделу мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) ­- 284 млрд теңге болса, жасына байланысты төлемдер – 150,6 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 54 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 52,6 млрд теңге, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер - 39,8 млрд теңге, жерлеуге берілетін төлемдер - 7,5 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер - 2,8 млрд теңге.

Атап кету керек, зейнет жасына толуға байланысты БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы - 32 202 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы ­- 742 692 теңге. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы - 29 973 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңге болды.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Вторник, 13 Февраль 2024 05:01

БЖЗҚ-ның  ұялы қосымшасында салымшылар үшін авторланудың тағы бір тәсілі қолжетімді.

           Енді ұялы қосымшадағы Жеке кабинетке ЖСН мен парольді пайдалану арқылы ғана емес, сонымен қатар телефонға алдын-ала жүктеп алған "eGov mobile" электрондық үкімет қосымшасы арқылы да кіруге болады.

           Әрекеттер алгоритмін ұсынайық. БЖЗҚ ұялы қосымшасына кіргеннен кейін "Кабинет" батырмасын тауып, оған басу керек. Әрі қарай авторланудың "eGov mobile" әдісін таңдап, ЖСН енгізіп, "eGov mobile жүйесі арқылы кіру" батырмасын басыңыз. Осыдан кейін біз "eGov mobile"-да авторлануды растап, БЖЗҚ қосымшасына ораламыз. Мұнда авторланудың сәтті аяқталғаны расталады.

           Әрі қарай "Кіру" батырмасын басу арқылы Жеке кабинетке өтіңіз. Барлығы қарапайым және ыңғайлы!

БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте авторлану туралы бейненұсқаулық Қордың YouTube арнасында жарияланған.https://www.youtube.com/shorts/dNQhMougUQo

Қордың ақыл-кеңес беру қызметтерін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боты арқылы және БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан алуға болады

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Вторник, 13 Февраль 2024 04:59

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2023 жылдың 12 айында (01.01.2023 жылдан 31.12.2023 жылға дейін) өз салымшыларына 24,8 млн қызмет көрсетті. Оның ішінде 17,4 млн. қызмет электрондық форматта, 5,5 млн. – автоматты форматта ұсынылды. Күндізгі форматта 1,2 млн. операция жүргізіліп, оның 1 млн астамы тікелей Қор кеңселерінде іске асырылды.

             Өткен жылы ең сұранысқа ие қызметтердің бірі жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы үзінді-көшірмелер беру болды. Барлығы 22,7 млн. астам үзінді көшірме берілді. Оның шамамен 17,3 млн (немесе 69,8%) - электрондық түрде, тағы 4,7 млн (19,0%) автоматты режимде салымшылар мен алушылардың мекенжайларына бұрын таңдаған "электрондық пошта" хабарлау тәсілі арқылы жіберілді.

БЖЗҚ сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте салымшылардың (алушылардың) өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге өтініштің мәртебесін қадағалау, жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтерді әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 режимінде пайдалану мүмкіндігі бар. 

Өткен жылы БЖЗҚ ақпараттық базасында автоматты режимде 352 мыңнан астам жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) ашылды. Бұл мүмкіндікке БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелері мен "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорын интеграциялау нәтижесінде  қол жеткізілді. Мемлекеттік дерекқордан БЖЗҚ ЖСН арқылы жаңа салымшылардың барлық қажетті сәйкестендіру деректерін (аты-жөні, туған жылы және т.б.) алады.

Есепті кезең ішінде деректемелерді өзгертуге түскен 327 мың өтініштің 253 мыңы Қор кеңселерінде қабылданды.

 БЖЗҚ-ның көшпелі қызмет көрсету бөлімдері ­- мобильді агенттер мен мобильді кеңсе экипаждары 136 мыңнан астам қызмет көрсетті. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 35 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізілді. Оған 761 мыңнан астам адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 46 мыңнан астам материал жарияланды.

 Салымшылардан кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштердің саны - шамамен 750 мың.

             Естеріңізге сала кетейік, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым жасап, ақыл-кеңес беру жұмыстарын өз кеңселеріне барып өткізуге кез-келген компания өтінім бере алады. Ол үшін жай ғана 1418 нөмірі бойынша Байланыс орталығына қоңырау шалу немесе Қордың сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

Қордың ақыл-кеңес беру қызметтерін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боты арқылы және БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан алуға болады

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

Вторник, 13 Февраль 2024 04:50
  1. 1. 18 жасқа 2024 жылы толатын кәмелетке толмағандар "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына қатыса ма және олар қанша сома алады?

Қазақстан Республикасының азаматтары болып есептелетін барлық балалар бағдарламаға енгізілген (2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) және оның қатысушылары болып есептеледі. 18 жасқа 2024 жылы толатын балалар өздерінің 2023 жылға (бала әлі 18 жасқа толмаған жылы) есептелген нысаналы талаптарын өздерінің БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтар түрінде алады.

2023 жылға арналған бір балаға арналған нысаналы талаптардың сомасы Қазақстан азаматтары болып есептелетін балалардың саны бойынша деректерге (2023 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) және Ұлттық қордан есептелген балаларға арналған нысаналы талаптардың жалпы сомасы бойынша Ұлттық Банктен алынған ақпаратқа негізделе отырып, есептелетін болады.

  1. 2. Нысаналы талаптар қандай валютада аударылады?

18 жасқа толатын балалардың нысаналы жинақтары Ұлттық қордан БЖЗҚ-ға АҚШ долларымен аударылады және БЖЗҚ-да АҚШ долларымен сақталады. Бағдарламаға қатысушы бала кәмелетке толған соң өз ақшасын пайдалану туралы шешім қабылдаса, ол уәкілетті операторға өтініш береді. Ал БЖЗҚ оның жинақтарын уәкілетті операторда ашылған баланың банктік шотына АҚШ долларымен аударады. Бұдан әрі, уәкілетті оператор жинақтарды тұрғын үй немесе білім алуға аударған кезде ақша АҚШ долларынан теңгеге айырбасталады. Айырбастау сол сәтте өзекті болатын валюта бағамы бойынша жүзеге асырылады

  1. 3. Бала ақшаны бірден 18 жасында емес, кейінірек ­- 20 немесе 25 жасында пайдалана алады ма?

Бала 18 жасқа толғанда оның атына БЖЗҚ-да нысаналы жинақтау шоты автоматты түрде ашылады және оған Ұлттық қордан өзіне тиесілі қаражат аударылады. Ақша АҚШ долларымен аударылады және нысаналы шотта 10 жыл сақталады. Егер осы мерзім ішінде ол бұл қаражатты пайдаланбаса, қаражат автоматты түрде БЖЗҚ-дағы оның атына автоматты түрде ашылатын жеке ерікті зейнетақы шотына аударылады. Ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын осы зейнетақы шотынан жинақтарды алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. 

  1. 4. Нысаналы жинақтарды 18 жасқа толғанға дейін пайдалануға бола ма?  
  2. Жоқ, мұндай мүмкіндік қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған. Балаға есептелген нысаналы ақша Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында болады және бала 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық банк инвестициялауды жалғастыра береді. Бұл баланы қосымша инвестициялық кіріспен қамтамасыз етеді.

5. Егер бала азаматтығын ауыстырып, басқа елге кетсе, нысаналы жинақтары не болады? Егер бала басқа елде туылып, бірақ Қазақстан азаматтығын алса, ол Ұлттық қордан қаражат алуға құқылы ма?

Қазақстан азаматтығынан шыққан балалар Ұлттық қордан қаражатты пайдалану құқығынан айырылады.

Егер 2006 жылы және одан кейін туылған бала 18 жасқа толғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын алса, онда ол автоматты түрде бағдарламаның қатысушысы болады және Ұлттық қордан қаражат алуға құқылы. Бұл ретте оған Ұлттық қордан нысаналы талаптарды есептеу оның туған күнінен емес, Қазақстан азаматтығын алған күнінен бастап жүзеге асырылатын болады.

  1. 6. Бала қайтыс болған жағдайда оның жинақтары не болады?

Бала қайтыс болған жағдайда оған бұрын есептелген барлық нысаналы талаптар (нысаналы жинақтар) ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес мұраға қалдырылады. Бұл ретте, баланың жинақтарын алушы мұрагерлер ақшаны кез келген мақсатқа пайдалана алады. Яғни оларды нысаналы пайдалану жөніндегі міндетті талап жойылады.

  1. 7. Егер қандай да бір жылдағы инвестициялық кіріс теріс сипат алса не болады?

Ұлттық қордың қаражаты ұзақ мерзімді негізде инвестицияланады және инвестициялау нәтижелері қаржы нарығындағы түрлі нарықтық факторлар әсер ететін жағдайға тәуелді болады. Сондықтан Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің жекелеген кезеңдердегі табысының ықтимал төмендеуін бейтараптандыру үшін ол есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады.

  1. 8 .Балаларға жыл сайын қандай сомалар есептеледі және соңында олар қандай соманы алады? Мысалы, 2024 жылы туған балаға 18 жылдан кейін қандай сома төленеді?

Жыл сайын "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша балаларға Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің инвестициялық табысының 50% мөлшері есептеледі. Есептеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚР ҰБ) жүзеге асырады. Бұл ретте Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің табысы есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады. Сонымен қатар, өткен жылдардағы балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында АҚШ долларымен инвестициялануды жалғастырады. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.

Осылайша, балаларға жыл сайынғы тиесілі сома Ұлттық қордың инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша айқындалатын болады.

БЖЗҚ инвестициялық кірістің жалпы сомасын (балалардың шоттарына есептеу үшін ҚР ҰБ есептеген) және Қазақстан азаматтары болып есептелетін барлық балалардың санын (ҚР Әділет министрлігінің деректерімен салыстыру негізінде айқындалған) негізге ала отырып, Бағдарламаға қатысушы әрбір балаға есепті жылдағы нысаналы талап сомасын есептейді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, болашақта 18 жасқа толған әр балаға төленетін нысаналы жинақтар сомасы қандай болатынын алдын-ала нақты есептеу мүмкін емес. Ол Ұлттық қордың жинақталған активтерінің көлемімен, оның тарихи инвестициялық кірістілігі бойынша нәтижелерімен және Бағдарламаға қатысушы балалардың санымен айқындалатын болады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Вторник, 13 Февраль 2024 04:48

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген бірқатар негізгі жаңашылдықтардың күшіне енгенін хабарлайды:

  1. 1)«Ұлттық Қор балаларға» бағдарламасын іске асыру

01.01.2024ж. бастап Мемлекет басшысы бастамашылық еткен "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру басталды. Оның шеңберінде Қазақстан Республикасының барлық кәмелетке толмаған азаматтарына (нысаналы талаптарға қатысушыларға) жыл сайын есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташа алынған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) инвестициялық табысының 50% есептелетін болады), сондай-ақ, жыл сайын осы сомаға инвестициялық кіріс есептеледі.

Осылайша, 2024 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ 2023 жылдың 31 желтоқсанының соңындағы жағдай бойынша "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер негізінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін жасайды.

Осы тізім және ҚР ҰБ-дан Ұлттық қор кірісінің 50% сомасы туралы алынған ақпарат негізінде БЖЗҚ бір балаға арналған 2023 есепті жылдағы нысаналы талаптардың сомасын есептейді және оны өзінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.

Нысаналы талаптарға қатысушыларға нысаналы талаптарды есептеу 01.02.2024ж. кешіктірілмей жүзеге асырылады. Оларды төмендегі тәсілдер арқылы тексеруге болады:

заңды өкілдерге "электрондық үкімет" веб-порталындағы Жеке кабинетінде (www.egov.kz);

БЖЗҚ-ның интернет желісінен (www.enpf.kz).

           Бұған қоса, БЖЗҚ-ның enpf.kz интернет-ресурсында статистикалық ақпарат тұрақты түрде орналастырылады. Атап айтсақ:

1) нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылардың жасы, жынысы, тұратын өңірлері бөлінісі бойынша саны туралы есеп;

2) нысаналы жинақтарды уәкілетті операторлар, өңірлер және қосалқы мақсаттар бөлінісінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану жөніндегі есепті қамтиды.

Бағдарламаға қатысушыларға нысаналы талаптарды есептеу олар 18 жасқа толғанға дейін жыл сайын жүргізілетін болады. Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу АҚШ долларымен жүзеге асырылады.

18 жасқа толған кезде нысаналы жинақтарды алушы жинақталған соманы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында ғана пайдалануға құқылы.

Нысаналы жинақтарды алу үшін нысаналы жинақтарды алушы не оның заңды өкілі БЖЗҚ-мен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасқан уәкілетті операторлардың біріне (ЕДБ және "Қазпошта" АҚ) жүгініп, уәкілетті операторда АҚШ долларымен банк шотын ашуы керек. Нысаналы жинақтар төлемін пайдалану мақсатын (тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алуға ақы төлеу) көрсете отырып, нысаналы жинақтар төлеміне өтініш беруі (уәкілетті оператордың интернет ресурсы арқылы) қажет.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан 18 жасқа толғанға дейін де, 18 жастан кейін де шыққан немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамдар нысаналы жинақтарды пайдалану құқығынан айырылады.

Жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

     

2) Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының енгізілуі

           01.01.2024 жылдан бастап қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесі жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауыш - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылды.

           ЖМЗЖ мөлшері қызметкердің ай сайынғы табысына байланысты және жұмыс берушінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады. Жұмыс берушіге түсетін жүктеменің теңгерімді болуы мақсатында ЖМЗЖ жарнаны кезең-кезеңімен ұлғайта отырып аударылатын болады:

-          2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 пайыз мөлшерінде;

-          2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 пайыз мөлшерінде;

-          2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 пайыз мөлшерінде;

-          2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5 пайыз мөлшерінде;

-          2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5 пайыз мөлшерінде.

ЖМЗЖ-ны біртіндеп енгізу, сондай-ақ, оны салық салынатын табыстан шегеру жұмыс берушіге түсетін жүктемені жеңілдету үшін қарастырылған. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес, ЖМЗЖ барлық жұмысшылар үшін емес, тек 1975 жылы және одан кейін туылғандар үшін төленуі керек.

2024 жылдан бастап ЖМЗЖ енгізу қызметкер зейнетке шыққаннан кейін оның зейнетақымен қамсыздандырылу деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.

3)   Зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы әлеуметтік төлемдер

Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар 55 жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) төленген кезде:

1.  еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда жұмыс істейтін адамдардың арнайы әлеуметтік төлемге құқығы бар. Ол төмендегі төлемдерді қамтиды:

1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;

2) зейнетке шығу алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі;

3) жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем;

4) БЖЗҚ-дан МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі.

           Арнаулы әлеуметтік төлемдерге құқық қызметкер зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда туындайды;

2.  зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыс істемейтін (жұмыстан босаған)адамдардың мыналарға құқығы бар:

1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;

2) БЖЗҚ-дан МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі.

     4) Зейнетақы жинақтарын өмірді сақтандыру компаниясына аударуды оңтайландыру

Сақтанушының қалауы бойынша зейнетақы аннуитеті шарты (бұдан әрі - ЗАШ) сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтандырушының интернет-ресурсын немесе сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - БСДҚ) – "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ-ның (бұдан әрі - МКБ) қатысуымен құрылған интернет-ресурсты пайдалана отырып сақтанушы мен сақтандырушы арасында ақпарат алмасу жолымен жасалуы мүмкін.

Осылайша, жаңашылдықтарға сәйкес, 01.01.2024 ж. бастап сақтандыру ұйымдарымен ЗАШ жасасқан салымшыларға (алушыларға) БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтінішпен жүгінбеуге болады.

Бұл ретте сақтандыру ұйымдары МКБ иесі болып табылатын бірыңғай сақтандыру дерекқорына (БСДҚ) жасалған ЗАШ туралы мәліметтерді беру арқылы БЖЗҚ-мен жасалған ЗАШ бойынша деректер алмасуға міндетті болады.

Өз кезегінде МКБ БЖЗҚ-мен жасалған тиісті келісім негізінде БЖЗҚ-ға сақтандыру ұйымдарынан алынған, жасалған ЗАШ туралы мәліметтерді беретін болады. Жасалған ЗАШ бойынша МКБ арқылы деректер алмасу тәртібі мен мерзімдері № 44 Қағидаларда реттелген.

БЖЗҚ № 44 Қағидаларға сәйкес МКБ-дан мәліметтер алған кезде ҚР заңнамасының талаптары сәйкес келген жағдайда, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына МКБ-дан жасалған ЗАШ туралы мәліметтерді алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде аударады.

Сонымен қатар, өтініш берушінің зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын ұсына отырып, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтініш беру мақсатында БЖЗҚ-ға жүгіну құқығы сақталады.

           «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың аталған өзгерістер туралы түсініктемесі Қордың You-tube арнасында жарияланған және мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=YgvNjhZB38A (қазақ тілінде)

           «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ж.Б. Құрмановтың аталған өзгерістер туралы түсініктемесі Қордың You-tube арнасында жарияланған және мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=jyJKlHbLvVY (орыс тілінде)

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Вторник, 13 Февраль 2024 04:46

«БЖЗҚ» АҚ-ның 2022-2026 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясын іске асыру шеңберінде, оның ішінде проактивті форматты енгізуді ескере отырып, зейнетақы қызметтерін одан әрі жетілдіру жөніндегі міндеттерді қоса алғанда, "БЖЗҚ" АҚ салымшыға көмек ретінде болашақ зейнетақыны жоспарлаудың жаңа құралы ­­- зейнетақы жинақтарының дербес жоспарын іске қосты.

Зейнетақы жинақтарының ағымдағы мөлшеріне және болашақ жарналарға сүйене отырып, зейнетақы төлемдерінің күтілетін мөлшері мен кестесін есептеуге болатын болжамды зейнетақы калькуляторынан айырмашылығы, дербес жоспар пайдаланушыға төмендегілерді өз бетінше іске асыруға мүмкіндік береді. Атап айтсақ:

- зейнетақы жинағының ағымдағы мөлшерін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің өзіңіз         

қалаған сомасын негізге ала отырып, жарналардың талап етілетін мөлшерін есептеу

- жинақтаудың дербес жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу (автоматтандырылған дербес хабарламалар жүйесі арқылы).

Болашақ жиынтық зейнетақыны бағалау есебі Қазақстанның көп деңгейлі зейнетақы жүйесі шеңберіндегі зейнетақының мынадай құрамдауыштарын қамтиды:

1. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен зейнетақы (базалық зейнетақы және ортақ (еңбек) зейнетақысы).

2. БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы:

- Қызметкерлердің табыстарынан БЖЗҚ-ға төленетін 10% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);

-  Жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға зиянды еңбек жағдайларында еңбек ететін қызметкерлердің пайдасына аударатын 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ).

3. Қызметкер де, оның жұмыс берушісі де аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы.

            Болашақ зейнетақыны жоспарлау қызметі БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинетте қолжетімді. Оған кірген кезде пайдаланушы осы қызметті пайдалану мүмкіндігі туралы біржолғы хабарлама алады. Қызмет түрі және оны қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ақпаратпен Сіз  экранның жоғарғы жағында орналасқан зейнетақы жинақтарының дербес жоспарын пайдаланушыға арналған жадынамадан таныса аласыз.

Салымшы өзінің зейнетақы жоспарының орындалу үрдісін бақылай алады. Нақтырақ атасақ, МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ түсімдерін, сондай-ақ, жоспарды іске асыру үшін уақытылы шаралар қабылдау үшін айлар мен жылдар бойынша пайыздық және ақшалай мәндегі жоспардың орындалу мәртебесін қадағалай алады. Мысалы, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының жетіспейтін сомасын толықтыру.

Қажет болса, салымшы кез-келген уақытта дербес жоспарының кіріс өлшемдерін өзгерте алады. Мысалы, зейнетақының өзі қалаған мөлшерін басқаша көрсетіп, жаңа жоспарын құра алады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Вторник, 13 Февраль 2024 04:35

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген демалысқа 2018 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кезеңде шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан берілетін төлем мөлшері 5% артты.

БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.

Төлем әдістемесіне сәйкес, зейнетке шығатын азаматтарға берілетін төлем мөлшері былай есептеледі: төлем алу басталатын бірінші жылда зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесі 6,5% көбейтіліп, 12-ге бөлінеді.

Мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеп, жиынтығында кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар сияқты белгілі бір санаттағы алушылар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуінен артығын қанағаттандыратын адамдар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.

Бұл ретте БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы зейнетақы төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - ТКД) кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады (2024 жылы ТКД - 43 407 теңге). Осылайша, жыл басынан бері БЖЗҚ-дан берілетін ең төменгі төлем мөлшері 30 384,9 теңгені (70% * 43 407 теңге) құрады.Бұдан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайтылып отырады. Егер БЖЗҚ-дан төлем жүзеге асырылған күндегі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға Қордан бір рет біржола төленеді (2024 жылы біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері 694 236 теңге = 12 * 57 853 теңге).

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін іске асырған адамдарға зейнетақы төлемдері оларға зейнетақы төлемдерін тағайындау сәтінде қолданыста болған әдістеме бойынша есептеледі: жылдық зейнетақы төлемінің сомасы есептеліп, ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінің ең жоғары көрсеткішінен (2024 жылы: 1 735 590 теңге =30*57 853 теңге) және зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген шамадан аспайды.     

БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Кикбоксингтен Республикалық турнир өтеді

Понедельник, 12 Февраль 2024 10:23

14932ce125b34eba3c908e1679cfe705

Шымкент қаласында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Е.Жүсіповті еске алуға арналған кикбоксингтен жасөспірімдер арасында Республикалық турнир өтеді.13-17 ақпан аралығына жсопарланған жарысқа 300-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Жарыстың өтетін орны: Теріскей шағын ауданы, 59 В ғимараты, Бокс спорт клубы.

Турнирдің салтанатты ашылуы 14 ақпан күні сағат 15.00-де өтеді.

Страница 8 из 766