Шымкент – туристерге қолайлы шаһар. Өткен жылы қалаға 300 мыңнан астам турист келген. Оның ішінде шет мемлекеттерден келушілердің де қатары артқан. Қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Нұрымбетовтың айтуынша, 2024 жылы қаланың туристік әлеуетін арттыруда тың жобалар қолға алынады.…
Тұрғын үй сертификаты – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттарына сәйкес, тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін көмек. Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде 1 000 000…

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Пятница, 19 Январь 2024 04:12 Автор
ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар жетекшілерімен кездесті. Іс-шараны қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев жүргізіп отырды.

ҚҰРЫЛЫС САПАСЫН БАҚЫЛАДЫ

Среда, 17 Январь 2024 05:10 Автор
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар мемлекеттік білім мекемесіне арнайы барды. Қала әкімі «Оңалту орталығы», №66 жалпы орта білім беретін мектеп пен №99 «Гүлдер» бөбекжай-бақшасына жүргізілген күрделі жөндеу жұмысының сапасын тексеріп, №31 «Салтанат» бөбекжай-бақшасының мәселесімен танысты.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар жетекшілерімен кездесті. Іс-шараны қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев ашып, жүргізіп отырды.
Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының 2023 жылғы атқарған жұмыстары мен жетістіктері және алдағы жоспарлары бойынша баспасөз брифингі өтті.
Шымкент қаласы және Түркістан облысында жылыжай шаруашылықтарына субсидия төлеу басталды. Екі өңірге бөлінген қаражаттың жалпы құны 900 млн теңгеден асады. Субсидия алушылардың басым көпшілігі жылыжай шаруашылығымен айналысатын шаруалар.
Шымкент республикалық маңызға ие қала мәртебесін алғанына биыл алты жыл толады. Осы уақыт аралығында шаһардың әр шағынауданында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқын алып, жаңа жолдар салынып жатыр. Жаңадан бой көтерген көпқабатты үйлер, сәулеті көздің жауын алатын ойын-сауық және сауда орталықтары қаланың сәнін келтіріп, жылдан-жылға тұрғындардың өмір…
Биылдан бастап қалада тұрғын үй сертификатын алушылар қатарына 2 санат қосылды. Атап айтқанда, олар – І, ІІ топтардағы мүгедектігі бар адамдар, кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды.