Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Шымкент қаласындағы «Достық» үйінде «Береке – бірлікте» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті.
Шымкент қаласы әкімінің аппарат мәжілісінде бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Онда инфрақұрылым жүргізуге тартылған мердігер мекемелердің жұмысы талқыланды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қазылған жолдардың міндетті түрде қалпына келтірілуі тиіс екенін, мұндай сапасыздыққа жол берген мердігерлердің қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді. Ведомство басшысы «АйМар Құс» ЖШС жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті.
Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысқан сессия отырысына әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессияны мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіндегі мәселелерді қарады. Сондай-ақ, жиында бірқатар басқарма басшылары атқарған…
Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы салада атқарылған нақты жұмыстар мен жетістіктер, алдағы жоспарлар туралы баспасөз конференциясын өткізді.

ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Пятница, 03 Май 2024 05:36 Автор
Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті жиыны өтті. Кеңейтілген отырыста басқармалар тарапынан атқарылған жұмыстардың есебі мен ұсыныстары тыңдады.
ЖАС ЭКОЛОГТАР ТАЛ ЕКТІ «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығына мектеп оқушылары да атсалысты. Іс-шара барысында Шымсити шағынауданында орналасқан №135 жалпы орта мектебінің ауласына ағаштар, гүлдер отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға экология, өлкетану және туризм орталығының жас экологтары мен №135 жалпы орта мектебінің оқушылары…
Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық акциясының төртінші –«Өнегелі ұрпақ» апталығы басталды. Апталықтың мақсаты–қаладағы жалғызілікті қарттарға, ардагерлерге, көмектесіп, жылулық сезімін жеткізу, сол арқылы басқаларға өнеге көрсету.

ҚАРИЯЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

Пятница, 03 Май 2024 05:21 Автор
Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында  «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де концерт қойды.

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫ

Пятница, 03 Май 2024 05:11 Автор
Биыл қазақ халқының біртуар перзенті, ғұлама ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Осыған орай қалалық білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Д.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Ғұлама ғалым: мәдени ағартушы, этнограф, геолог, минеролог, археолог» атты ғылыми конференция өтті.