Шипажайға кезек geo-shym.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Цифрландыру бағдарламасы шеңберінде биыл іске қосылған арнайы порталда зейнеткерлер шипажай кезегіне онлайн тұрумен қатар кезек ретін бақылай алады.
Қала әкімдігінің Шымкент қаласының әуежайы басшылығымен жүргізген келіссөздері нәтижесінде бұдан былай радиофармацевтикалық препараттар (РФП) тікұшақтар арқылы жеткізілетін болды. Бұл ең алдымен қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды дер кезінде анықтап, емдеу шараларының тиімділігін арттырады.
Қала аумағында иесіз жүрген немесе қадағалаусыз қалған үй жануарларының, яғни қаңғыбас иттер мен мысықтардың тұрғындарға залал тигізетін немесе өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайлары қоғамда, өкінішке қарай, кездесіп жатады.
Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының KEZEKTE.KZ деректер қорында кезекке тіркелген кейбір азаматтарға құжаттарын жаңарту бойынша СМС-ХАБАРЛАМАЛАР жолдануда.
Заң талаптарына сәйкес әрбір азаматтың жұмыс орнының қауіпсіз болуын талап етуге құқығы бар. Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалауын бақылауды қамтасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырма берген болатын. Бүгінде бұл жобаны үшінші мегаполисте 18 кәсіпорын…
Балалар темір жолы қайта қалпына келтірілмейді. Темір жол рельстері алынып, орнына халық жаяу серуендейтін аймақ ашылады. Заман талабына сай веложол, жүгіру жолақтары, воркаут алаңдары салынып, жан-жағы көгалдандырылады. Бұл шаруаның бәрі демеушілердің көмегімен іске асырылмақ. Бұл туралы қала әкімі Ғ.Сыздықбеков бұрынғы балалар темір жолын аралау барысында…
Республиканың су басқан өңірлеріне Шымкент қаласынан гуманитарлық көмек жөнелту әлі күнге дейін жалғасуда. Арнайы ашылған есепшоттарға кәсіпкерлер, қала тұрғындары қаржы аударуды тоқтатқан жоқ. Кеше 20 миллион теңгенің заты артылған ауыр жүк көлігі Петропавл қаласына қарай жолға шықты.

ӘСКЕР МЫҚТЫ БОЛСА, ЕЛ ТЫНЫШ

Среда, 15 Май 2024 06:35 Автор
Шымкент қаласының 35748 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.
Биыл Ұлы Жеңіске – 79 жыл. Аталарымыз бен әкелеріміздің қанымен, арымен келген осынау қастерлі мереке ерлік пен қаһармандықтың, отансүйгіштік пен патриотизмнің өшпес өнегесі болып тарих бетінде мәңгі қалатыны ақиқат.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесулердегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, сонымен қатар 2023-2024 оқу жылының салтанатты іс-шараларының қауіпсіздік мәселесі, субұрқақтарды қосу жайы талқыланды.