“Ордабасы” чемпиондыққа таласады

Вторник, 03 Март 2015 04:42 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3571 раз

«Ордабасы» футбол командасы биылғы ұлттық біріншілікте чемпиондыққа таласады. Бұл туралы команданың бас бапкері Виктор Кумыков жанкүйерлермен кездесуі кезінде айтты.

ordabasyyШымкенттегі «Мега» ойын-сауық орталығында «Ордабасы» командасының жаңа құрамын таныстыру рәсімі өтті. Команда басшылығы жанкүйерлермен кездесіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Биылғы маусымда «Ордабасы» сапында біраз өзгерістар орын алған. Команда 11 жаңа ойыншымен толығып, құрамын күшейтті. Олардың қатарында А.Симчевич, К. Петров, С.Малый, А.Гейнрих т.б. тәжірибелі футболшылар бар. Сондай-ақ, Бразилияда футболдың қыр-сырын үйреніп келген алматылық Рауан Сариев енді шымкенттік команданың намысын қорғамақ.
– Жаңа маусымға тыңғылықты дайындық жүргіздік. Түркияда оқу-жаттығу жиындарында болдық. Енді еліміздің премьер-лигасы мен Еуропа лигасы ойындарында өз мүмкіндігімізді паш етіп, жоғары жетістікке жетуді мақсат етіп отырмыз. Жанкүйерлер, сіздер бізді қолдаңыздар. Сіздердің үміттеріңізді ақтаймыз, – деді команданың бас бапкері В. Кумыков.
Еске сала кетейік, шымкенттік клуб өткен аптада «Мақтаарал» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен басымдық танытты. Енді «Ордабасы» командасы наурыздың 7-сі күні премьер-лиганың  1 тур ойындары аясында Шымкентте Павлодардың «Ертісін» қабылдайды.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.