Бүкіләлемдік бокс жекпек-жегі

Пятница, 20 Март 2015 08:23 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4202 раз

Шымкентте алғаш рет өтті

Жақсы дәстүр жалғасын тапты. Бүкіләлемдік бокс сериясының жекпе-жектерін аймақтарда өткізу идеясы жанкүйерлер үшін тың бастама дер едік. Жартылай кәсіпқой форматтағы бәсекелер Қарағанды төрінен күнгей өңірге жетті. Бұл эстафета әрі қарай жалғасын тапса игі. Жанкүйерлердің бар тілеуі осы.

56565-1Бүкіләлемдік бокс сериясы аясындағы «Astana arlans» және «Rafako Hussars Poland» клубы арасындағы  қарымта бәсеке Шымкент төрінде өтті. Талай дүбірлі бәсекенің ордасына айналған «Жеңілатлетикалық манеж» кешенінің кәсіпқой бокспен тыныстайтын сәті де келді. Жергілікті жанкүйерлерден бөлек, көрші облыстардан да бокссүйер қауым желпінген сәт бұл.
Алдымен бәсекенің алдында  жергілікті «Отырар» телекомпаниясының мәжіліс залында қос тарап баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов, қазақстандық клубтың бас директоры Серік Сәпиев, бас бапкер Марат Жақиев және қарсылас команданың өкілдері жанкүйерлермен, БАҚ өкілдерімен жүздесті. Клубтың жетекшісі Серік Сәпиев облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына,  облыстық бокс федерациясына алғысын айтты. Кезекті бокс кешін Оңтүстікте өткізу ұсынысын қабыл алғанына. Әрі Бүкіләлемдік бокс сериясы жекпе-жектері Шымкентте алғаш рет тұсауын кесіп отыр. Қарсыластар да қарымды. Әсіресе, 75, 91 келідегі поляк боксшылары рейтингтің көшін бастап тұрғандар. Рейтингтің үшінші сатысын иемденген Мейірім Нұрсұлтанов пен екінші орынның иегері Василий Левиттің нағыз сыналар сәті дерсіз. Ең жеңіл салмақтағы Жомарт Ержан өз жанкүйерлерінің қолдауынан қанаттанып, Давид Ягодзинскийді төпелеп берсін. Сөйтіп, барлық кезең бойы ширақ қимылдаған Жомарт дебютінде  жеңіске жетті. 56 келідегі Мейірболат Тоитов та арланға тән мінез танытып, Силвестер Козловскийдің сілікпесін шығарды. Шаршы алаңның қожайыны кім екенін ұқтырып, ойнақ салды. 3:0 есебімен екінші бәсеке де біздің пайдамызға шешілді.
75 келідегі Мейірім Нұрсұлтанов әр бәсеке сайын күшіне күш қосып, ширығып келеді. Тәжірибелі Нұрсұлтанов төртінші жекпе-жекті жеңіспен аяқтады.
«Арландар» әліге дейін ұпайдан шашау шығармай келеді. Келесі бәсекесі де Шымкент төрінде өтеді. 21 наурыз күні «Azerbaijan Baku Fires» клубы қонаққа келеді.

Последнее изменение Пятница, 20 Март 2015 08:29
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.