×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Жеңiмпаздар келіп...

Пятница, 06 Ноябрь 2015 05:19 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4863 раз

жастар жігерленді

Қазақстан велоқауымдастығы ОҚО филиалы мен Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Rixos Khadisha Shymkent – 2015» қайырымдылық велошеруі өтті. Спорттық шерудің өзіндік ерекшелігі сол, шараға әлемдік аренада есімі белгілі болған Александр Винокуров, Серік Сәпиев және Зүлфия Забирова сынды спортшылар арнайы келіп қатысты. Сонымен қатар, спортшылар Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен, сондай-ақ, қалалық №2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің шәкірттерімен де кездесті.


velo1

Спорттың белгілі бір түрін немесе салауатты өмір салтын насихаттаудың жолы көп. Шымкент қаласының әкімдігі бұл мәселеге жаңаша қырынан келуді көздеді. Үшінші мегаполиске есімі әлемге танымал спортшылардың келіп, жастардың арасынан табылуы соның бір көрінісі.
Спортсүйер қауым мен Олимпиада чемпионы болуды армандап, ел Туын әлемдік ареналарда желбіреткен спортшыларға еліктейтін жастар демалыс күндері Шымкентте өткен іс-шараның куәгері болды. Жас спортшылар даңқты ағаларымен жақынырақ танысып, әңгімелесуге мүмкіндік алды. Екі дүркін әлем чемпионы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев пен Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің жеңімпазы Александр Винокуров, халықаралық жарыстарда алдына жан салмаған  велошабандоз Зүлфия Забирова қайырымдылық велошеруге қатысып, жас спортшылармен кездесу өткізді.

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовпен бірге қала­дағы №2 жеңіл атлетика және велоспорт мектебінде жас спортшылармен кездескен А.Винокуров мектеп ұжы­мына «Vino» кәсіби спорттық велосипедін сыйға тартты. Жастарға еліміздің байрағын әлемдік жарыстарда жоғары көтеруге тілектестігін білдірді. Өз кезегінде қала әкімі мұндай кездесулер жас спортшыларға қанат бітіретінін, жеңіске талпынысын еселейтінін айта келе, даңқты спортшыларға алғысын жеткізді.
«Rixos Khadisha Shymkent-2015» қайырымдылық велошеруіне жүзден астам спортшы қатысты. «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйінен басталған шеру қашықтығы – 15 шақырым. Яғни, қатысушылар Жел­тоқсан, Қонаев көшелері ар­қылы «Наурыз» алаңына жетіп,
қонақүйге қайта қайырылды. Велошеруде белсенділік танытқан қатысушыларға «Алғыс хат» пен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Спорттық шара соңы қайырым­дылық аукционына ұласты. Мұндай іс-шаралар спорттың дамуына ықпал ететініне тоқталған А.Винокуров демеушілерге алғыс айтты. Сөйтіп, аукционда Александр Винокуровтың Лондон Олимпиадасын­да киген жейдесі 120 мың теңгеге сатып алынды. Ал Зүлфия Забиро­ваның веложейдесі 50 мың теңге болды. Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің қол қой­ған бокс қолғабы 150 мың теңгеге сатылса, «Вуэль­та – Испания-2015» көпкүн­дігінің жеңімпазы Фабио Арудың жейдесін 90 мың теңгеге алушылар табылды. Аукционда ең қымбат бағаланған, Александр Ви­но­куров үшін арнайы жасалған «Uno» брендіндегі велосипед
1 млн 650 мың теңге болып, жаңа иесін тапты. Оны «Смарт Ойл» компаниясының басшысы Ерлан Нұрханов сатып алды. Сондай-ақ, электрмоторлы, жалқы дана велосипед 900 мың теңгеге бағаланды.
Қайырымдылық аукционнан түскен қаржы елдегі велоспорт мектептеріне қажетті жабдықтар алуға жұмсалатын болады.