Үстел теннисi тартысты өттi

Понедельник, 07 Декабрь 2015 06:00 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4092 раз

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу шаралары Еңбекші ауданында кең көлемде өткізілді. Мерекелік бағдарламаларда Елбасы, Ұлт Көшбасшысының қайраткерлік қыры, ел Тәуелсіздігі жолындағы қарышты қадамы кеңінен насихатталды.

SAM 9230Сондай шаралардың бірі №65 Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияда ұйымдастырылды.
Сонымен қатар Еңбекші ауданында мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен құралған 14 команда арасында үстел тенисінен жарыс ұйымдастырылды. Аудан әкімі Ғалымжан Молдабайұлы мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде қоғамның әл-ауқатының басты көрсеткіштерінің бірі адам денсаулығы екендігін атап айтты. Осы тұрғыда салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамның және мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.
Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Мемлекеттік қызметкерлер белсенділікпен қатысты және өздерін жаңа қырынан танытты. Тартысты жарыс нәтижесінде 2024-әскери бөлімі І-ші орынды жеңіп алды. ІІ-ші орынға Еңбекші ауданы бойынша кірістер басқармасы ие болды. ІІІ-ші орын-«Нұр Отан» партиясының Еңбекші аудандық филиалы лайық деп танылды. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар берілді.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.  

Другие материалы в этой категории: « Жеңiмпаздар келіп... Ат құлағында ойнаған... »