Чемпиондарды шыңдайтын спорт кешені Избранное

Пятница, 25 Декабрь 2015 06:16 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4033 раз

Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында көркем гимнастика спорт кешені пайдалануға берілді. Елімізде теңдесі жоқ спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын «КДСМ» ЖШС-і жүргізген. Енді спорттың осы түріне қызыққан жас өрендер заманауи әрі барлық жағдайы жасалған кең ғимаратта жаттығатын болады.

12391987 1518431421817799 7960514764923432430 n

Спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов спортшылар мен облыс тұрғындарын құттықтап, алдағы уақытта облыстың әр ауданынан осындай спорт кешендерінің салынатынын айтты.
Спорт кешені 8 блоктан тұрады. Онда спорттық арена, екі көрініс алаңы және 700-ден астам көрерменге арналған трибуна бар. Сонымен қатар, 6 жаттығу залы, хореография залы мен венткамера, буфет, медпункт және егу бөлмесі, спортшылардың киім ауыстыру және жуыну бөлмесі қарастырылған. Сондай-ақ, 4 бір орындық қонақжай бөлмесі, екі орындық 6 номер, бассейн, 38 адамға арналған екі орындық жатын бөлмесі мен галерея бар.

– Облысымызда спорттың көркем гимнастика түрі бойынша 1 облыстық, 1 Шымкент қалалық және 1 Кентау қалалық балалар мен жас-өспірімдер спорт мектебінде жұмыстар жүргізіліп, дамытылуда. Онда барлығы 23 жаттықтырушы 345 балаға оқу жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Биыл облыс спортшылары көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 8 алтын, 25 күміс, 16 қола медальдарға қол жеткізген. Сонымен қатар, 2016 жылы өтетін Рио-де Жанейро олимпиадасына спортшыларымыздың 12 жолдаманы жеңіп алғандығы айқын дәлел, – деді облыс әкімі.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.