Шымкентте футбол академиясы ашылды Избранное

Среда, 14 Февраль 2018 04:40 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 577 раз

Шымкент қаласында «SANLIN» футбол академиясы ашылды. Салтанатты іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, Қаратау ауданы әкімі Ғабит Мәуленқұлов қатысып, жиналған ата-аналар мен жастарды құттықтады.

Бұл орталық Елбасының «Саламатты Қазақстан» жобасы аясында халқымыздың бұқаралық спортпен шұғылдануын басты негізге алып ашылып отыр. Аталған жобаның Шымкентте жүзеге асырылуына тікелей ықпал танытқан - бұған дейін «Procoffee», «Profootball», «Professionale», «Protech» секілді үздік жобалардың құрылтайшысы А.Нұрлыбаев. Жауапты мамандар бүгінгі таңда футбол академиясында 3-16 жас аралығындағы 80-нен астам жасөспірімнің әр аптаның сенбі-жексенбі күндерінде футболға жаттыға алатындарын жеткізді. Жас спортшыларды халықаралық деңгейде тәжірибе алмасып, машықтанған мамандар жаттықтырады.

Салтанатты іс-шара барысында футбол академиясының қатысушылары түрлі әдістермен сайысып, өзара футбол ойнады. Үздік ойыншылар мен құрамалар арнайы сыйлармен марапатталды.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. "Отырар" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі