Ескерткiш-тақта ашылды Избранное

Пятница, 10 Апрель 2015 04:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4940 раз

Олар – антына адал болып, жауға қасқая қарсы тұрды. 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасы маңындағы Пшихавр шатқалында қайтыс болған Ішкі әскердің 17 жауынгері мәңгі жүректе сақталады. Осыған ора қаладағы Абай саябағында ерлік танытқан жауынгерлерге арналған ескеркіш-тақта ашылды.

DSC 0859Сол бір оқиға ұмытылмас үшін әрі ерлікті дәріптеу мақсатында 7 сәуірде – Ерлік күні аталып өтеді. ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімі қызметкерлері Абай саябағында іс-шара өткізді. Жиынға қаза болған сарбаздардың жақын туыстары, әскер ардагерлері, тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысушылар, ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының өкілдері де қатысты.
Жиында көпшілік жанқиярлықпен қаза болған жауынгерлердің есімі қашап жазылған ескерткіш-тақтаның ашылуына куә болды. Ол батырларды мәңгі есте сақтау мақсатында қолға алынған. Ескерткіш тақтаның ашылу сәтінде сөз сөйлеген ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов, облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков те осыны ұқтырды.  
Монументті құру мен орналастыру үшін 4 млн. 200 мың теңге қаражат жұмсалыпты. Авторы – Қазақстанның Құрметті сәулетшісі, ОҚО сәулетшілер Одағының төрағасы Асқар Әзімбаев. Мәрмәр тастан жасалған ескерткіш-тақтада қаза болған 17  сарбаздың аты мен тегі қашалып жазылған.
ҚР Ішкі әскердің, бүгінгі Ұлттық ұланның әскери қызметшілері 1993 жылдың маусымынан  1999 жылдың тамызына дейін тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік тапсырманы орындады. Екі мыңнан астам сарбаздар мен сардарлар интернационалдық мақсатта шекара шебін күзеткен. 

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.