Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері – Еңбекші ауданында Избранное

Вторник, 11 Август 2015 09:38 Автор  Опубликовано в Барлық мақалалар Прочитано 304684 раз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 интитуционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын насихаттау және түсіндіру мақсатында өңірімізде ақпараттық топтар құрылып, сала-сала бойынша кездесулер ұйымдастырылып келеді. Осы мақсатта бүгін Шымкентте насихаттық топтың қатысуымен Еңбекші ауданы әкімінің аппараты қызметкерлерімен кездесу өтті.
W20150811 112040Жиынды Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде қаралған мәселеге сәйкес, Ұлт жоспарының І бағыты кәсіби мемлекеттік аппарат құруды жүзеге асыру бойынша ақпараттық-насихаттық топ құрамындағы азаматтар баяндама жасады.
 
Алдымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Ерлан Ермаханбетов сөз алып, мемлекеттік қызметкерлердің қоғамдағы орны, олардың мақсат-міндеттеріне тоқталды.
Q20150811 112125– Ұлт жоспары мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершіліктің жаңа жүгін артып отыр. Бағдарламадағы 13-14 қадамда көрсетілгендей, мемлекеттік аппарат кәсібилігін арттыру ерекше маңызды. Осы орайда әрбір мемлекеттік қыз­мет­кер өзінің міндетін ха­лыққа, азаматтардың заңды мүд­десіне қызмет ету деп түсінуі керек және де басқару бас­пал­дақтарының бәрінен біртіндеп өткен жоғары кәсіпқой маман болуы тиіс, – деді Е. Ермаханбетов.
 
Кездесуде «Нұр Отан» партиясының Еңбекші ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Садықов Бердіқұл, сондай-ақ қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қанат Қалыбеков және қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Ерлан Есіркепов Елбасының «100 нақты қадам» бағдарламасы бойынша пікір алмасып, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
 
С. ТАСТАНБЕК
Последнее изменение Вторник, 11 Август 2015 10:40
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: Қызмет сапасын арттыру талап етiледi »