Ортақ меншiктегi үй: үлесiңiз қандай?

Пятница, 11 Сентябрь 2015 05:38 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4465 раз

Тәуелсіздік жылдары іргесі қаланып, құрылыс қарқыны бәсеңдемеген «Нұрсәт» шағынауданы өзіндік кескін-келбетін қалыптастырып үлгерді. Жаңа үйлер, жаңа аула, жаңа мектеп... бүгінде жергілікті тұрғындарға көз үйренген келбетімен танымал болса, қала қонақтарына жаңа шағынаудан ретінде таныстырылады.

ortak ui ulesiniz kandai 37Бүгінде «Нұрсәттің» аумағы кеңейіп жаңа зәулім ғимараттар, демалыс орындары, тарихи-танымдық кешендер салынды. Яғни, қала тұрғындары бос уақытын тиімді пайдалану үшін осы шағынауданға қарай ат басын бұрады. Демек, бұл шағынаудан тұрғындарына әрі мақтаныш, әрі жауапкершілік сезімін жүктейді. Тазалықты сақтау, жаңа нысандарға жанашырлықпен қарауға үндейді. Тұрғын үйлердің сыртқы келбетін, ішкі жайлылығын сақтау мен жақсарта түсу де маңызды.
Осы орайда, Қаратау ауданы аумағына қарасты «Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты үйлерді кондоминиум  нысаны ретінде тіркеу бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тіркеу хаттамалары жинақталуда. Кондоминиум ұғымы – тұрғын үйлерді, екі ғимараттың және одан да көп жеке ғимараттың ерекше жеке меншік нысан формасы. Ғимаратты меншік иесінің әрқайсысы өзінің қарауы бойынша басқарып, пайдалана алады. Кондоминиум объектісін тіркеу кондоминиум қатысушысының не меншік иеленушілердің немесе кондоминиум басқармасы мүшелерінің уәкілетті өкілінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Кондоминиум объектісін тіркеу кезінде ортақ мүлік құрамы мен әрбір үй-жайдың құқық иелерінің ортақ мүліктегі үлесінің мөлшері айқындалады. Осылай тіркелгенге дейін, ортақ меншіктегі үлесі бар мәміле өзіндік (дара) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) мүлікпен мәмілелерді жасау кезінде жасалған деп саналатын жағдайларды қоспағанда, ортақ мүлікпен жасалатын мәмілелер заңдық күшке ие болмайды.                 
Ғимарат меншігін кондоминиум нысаны ретінде тіркеу үшін өтініш, нысандар ғимаратының кондоминиум ұйымдастырушы жиналыстың меншік иесінің хаттамасы, ғимарат (пәтер) меншік иесінің кооперативтік жарлығы, кондоминиум нысандарын тіркеу туралы мемлекеттік акт секілді құжаттарды тіркеу органына ұсыну қажет екенін де айта кетелік. Әдетте, көп қабатты үйде тұратын тұрғындар арасында ортақ меншікке жұмсалатын шығыстар бойынша түсінбеушіліктер орын алады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 2-тармағы 40-тармақшасында тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар толық көрсетілген. Мысалы, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану және жөндеуге, жер учаскесін күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есепке алудың үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге төленетін шығыстар, сондай-ақ, болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналарға арналған, жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлар (пәтерлер) иелері шығыстарының міндетті сомасы.
Осылайша, үй-жайлар (пәтерлер) иелері ай сайын жарналар аудару арқылы жұмсайтын шығыстар мөлшері үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жалпы жиналысының шешімімен белгіленіп, жоғарыда айтылған құрамдас бөліктерін қамтуы тиіс. Шағынаудандағы көпқабатты үй тұрғындарын өздері тұрып жатқан ортақ меншіктегі үйді кондоминиум нысаны ретінде тіркеп, үлестерін заңдастыруға шақырамыз.
 


Бауыржан ҚАЛДЫБАЕВ,
Қаратау ауданы әкімдігінің халықпен
жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы

Последнее изменение Пятница, 18 Сентябрь 2015 06:07
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.