×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Оқу-жаттығу жұмыстары пысықталды

Пятница, 18 Сентябрь 2015 06:09 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5206 раз

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Шымкентте азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

Алдымен қалалық әкімдік ғимаратында облыстық, қалалық деңгейдегі мемлекеттік мекеме жетекшілерінің қатысуымен оқу-жаттығу жиындарының барысы тағы бір тиянақталды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, жауапты сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді.
Оқу-жаттығу жиындары қыркүйек айының 15-18 жұлдызы аралығын қамтиды. Осы күндері дабыл сигналдары қағылып, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы ауқымды шаралар атқарылуда. Мақсат – қаладағы шаруашылық нысандардың табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға әзірлігін тексеру.
Алғашқы күні жер сілкінісі жағдайындағы дабыл қағылып, сала қызметкерлері осы апат түріне сай әрекет етті. Жоғары оқу орындарының студенттері ашық алаңқайларға шығарылып, қауіпсіздік шаралары жасалды.
– Биыл жедел құтқару және өрт сөндіру жасақтары су жаңа құрылғылармен қамтамасыз етілді. Жасақтың жаңаша кейіпке енуі үшін қала бюджетінен 25 миллион теңге қаржы бөлінген, – дейді ОҚО ТЖД бастығының орынбасары Батырғали Сопбеков.
Жаттығу жиындары барысында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшылары көрмедегі қауіпсіздік құрал-саймандарымен танысып, оң бағасын берді. Бұл орайда, жаттығу жиындарын жоғары деңгейде ұйымдастыра білген сала мамандары қандай да бір төтенше жағдайлардың алдын алуға әзір екендігін айтады.