Түсiндiрме жұмыстары жүргiзiлдi

Пятница, 18 Сентябрь 2015 06:07 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5215 раз

Әл-Фараби ауданы аумағында заңсыз сауданы жою мақсатында аудан әкімшілігі тарапынан құзырлы мекемелермен бірлесе іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында аудан аумағындағы «Акбар», «Қырғы» базарларының аумағы, Төле би көшесінің бойындағы «Әскери комиссариат» аялдамасының маңы және Қазыбек би, Түркістан көшелерінің бойындағы белгіленбеген орындарда сауда жасап отырған бірқатар жұмыссыз азаматтарға «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын, «Жастар тәжірбиесі», «Кәсіби оқыту», «Қайта даярлау», «Әлеуметтік жұмыс орындары» бойынша насихаттау және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде 80 адамның тізімі алынып, оның ішінде 9-ы кәсіби оқуға, 4-уі жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіне мүмкіндік туды. Ал 67 жұмыссыз азаматтың жасы 45-60 аралығында екені анықталып, олардың ішінде Шымкент қаласынан бөлек, Төле би, Сайрам аудандарынан келіп сауда жасайтындары белгілі болды.
Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында анықталған тізімді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, Төлеби ауданы әкімі аппаратына және өз құзыреттеріне сай және заң талабы шеңберінде көмек көрсету үшін «Қырғы» базар басшылығына хат жолданды.

С. АЙБАР

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.