Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына арналды

Пятница, 05 Февраль 2016 08:43 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2381 раз

Бір мезгілде 30 мыңға жуық студент дене шынықтырып, жаттығу жасады. Бұл іс-шара ел Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды.

sttudentterrЖаттығуға облыстағы 11 жоғары оқу орнының студенті қатысты. Спорттық шараның негізгі бөлігі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өтті. Жоғары оқу орындарынан 1000-ға жуық жастар дене шынықтыруға бір кісідей атсалысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастар үшін салауатты өмір салтының маңызы зор.
Айта кетейік, өңірдегі 11 жоғары оқу орнының 9-ы Шымкентте, екеуі Түркістан қаласы мен Мақтарал ауданында орналасқан. Бұл оқу орындарында бүгінде 66,5 мың студент білім алады. Оның 45 мыңы күндізгі бөлімде, 8 мыңнан астамы сыртқы, 13 мыңнан астамы кешкі бөлімде оқиды.

Последнее изменение Пятница, 05 Февраль 2016 10:40
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.