×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Негiзгi басымдық – халықты жұмыспен қамту Избранное

Пятница, 05 Февраль 2016 08:11 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3170 раз

Өткен жылы Шымкент қаласында 19 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен қала әкімдігінің жиынында кеңінен талқыланды. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

12670081 1694248097488217 7400141552801609091 nАлдымен, Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай баяндама жасады. Баяндамашы келтірген мәлімет бойынша, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртібін нығайту және жауапкершілігін арттыру мақсатында қаланың барлық құрылымдық бөлімдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылып, оның мемлекеттік деңгейде келген салдары жөнінде жете түсіндірілген. БАҚ беттерінде 142 мақала жарық көріп, қала әкімдігінің ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тармақшасы дайындалды. Онда сенім телефондары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі және Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасының толық нұсқасы жарияланған. Осы орайда қала әкімі өз тарапынан тиісті міндеттерді жүктеді.
– Алдағы 2 ай уақыт ішінде арнайы құрылған комиссия тарапынан іс-шаралар жоспары түзіліп, онда әсіресе, көпқағаздылық мәселелері бойынша әкімшілік кедергілерді жою бағытында нақты ұсыныстар көрсетілсін. Яғни, комиссияның жұмысын қайта қарап, бекітетін боламыз. Ұсыныстар бойынша шешім қабылданады, – деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.
Күн тәртібінде, сондай-ақ, ҚР «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының орындалу барысы да қаралды. Баяндама жасаған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Қуанышбеков өткен жылда 19 834 азамат жұмысқа орналасу бойынша өтініш берсе, оның 15 648-і тұрақты жұмыспен қамтылғанын мәлім етті. Яғни, көрсеткіш 78,9 пайызға орындалған.
– Жалпы, Шымкент қаласында 377 мың тұрғын экономикалық тұрғыдан белсенді, яғни, қызмет етуге қабілетті болып есептеледі, – дейді Бауыржан Шераханұлы. – Жалпы, өткен жылы 148 адам кәсіби оқудан өтті. 498 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Десек те, орын алған кемшіліктер де жоқ емес. Бұл бағытта 150 тұрғын қызметі сапасына наразылық білдіріп, шағым түсірген.
Айта кету керек, жұмыспен қамту орталығында қазіргі таңда арнайы операциялық зал ашылып, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді байланыстыратын алаңға айналып келеді. Бұл алаң интернет желісіне қосылған, арнайы техникалық құралдармен жабдықталып, «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетеді. Өз кезегінде, қала әкімі Ғ.Әбдірахымов алдағы уақытта бөлімнің жаңа пайдалануға берілген операциялық залының қызметімен арнайы танысатынын жеткізді. Сондай-ақ, бөлім басшылығына нақты міндеттер жүктеп, осы мәселелердің орындалу барысын өз қадағалауына алатындығын мәлімдеді.