Бауырлас қала басшылары кездесті

Четверг, 24 Март 2016 14:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3523 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Грекия Республикасы Ахарнон қаласынан келген делегаттарды қабылдады. Делегация құрамында Ахарнон қаласының мэрі Яннис Кассавос және мэрдің қос орынбасары Константин Сасонидис, Йоргос Даскалакистер болды.


bauyrlas kalalar 23

Екіжақты кездесу барысында Яннис Кассавос мырза шырайлы Шымкент қаласымен Ахарнон қаласының бауырлас қала екендігін айтып, қос елдің экономикалық және мәдени салаларындағы қарым-қатынасында өзара пікір алмасып отыратындықтарын атап өтті.
Қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы екі ел туралы жақсы пікірін білдіріп,  делегаттарды ұлтымыздың ұлық мейрамы Наурыз мерекесін бірге қарсы алуға шақырды.
Сонымен қатар, Ахарнон қаласынан келген делегаттар алдағы күндері экономикалық және кәсіпкерлік салаларындағы іскерлік кездесулер өткізіп, бірқатар маңызды құжаттарға қол қояды деп күтілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.