Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті: «Нұр Отан» жеңiсi – халықтың жеңiсi! Избранное

Четверг, 24 Март 2016 14:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3047 раз

Кеше Мемлекет басшысы парламенттік сайлаудағы партия жеңісіне арналған форумға қатысты

«20-наурыз күні өткен Парламент Мәжілісінің сайлауы арқылы Қазақстан өзінің шынайы демократиялы ел екенін, осындай ашық, заңды түрде сайлау өткізетінін және көппартиялық болатынын бүкіл әлемге дәлелдеді». Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісіне арналған «Бірлік! Тұрақтылық! Жасампаздық!» жеңімпаздар форумында осылай деді.


nur otan 23

«Құрметті отандастар, форумға жиналған барша қауым, бәріңізді кешегі өткен сайлаудағы жеңісімізбен шын жүрегімнен құттықтаймын! «Нұр Отан» партиясының жеңісі – халқымыздың жеңісі. Сайлауда бұрын-соңды болмаған белсенділік байқалды, 77 пайыздан астам сайлаушы келіп, 82 пайызы «Нұр Отанға» дауыс берді. Бұл деген – үлкен қолдау, сенім, осы сенімді ақтау үшін жұмыс істеуіміз керек», – деді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл сайлаудан кейін Қазақстан өзінің шынайы демократиялы ел екенін және ашық сайлау өткізетінін дәлелдеді.
«Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында 60 мемлекет пен Қазақстанның өз байқаушылары, сондай-ақ, 200-ден астам БАҚ өкілдері, дүниежүзінің ақпарат құралдарының орталықтары біздің сайлауымызды демократияның шыңында деп айтты. Бұл – біздің жетістігіміз. Қазақстан бұдан былай өзінің шынайы демократиялы ел екенін, осындай ашық, заңды түрде сайлау өткізетінін және көппартиялық болатынын бүкіл әлемге дәлелдеді. Міне, біздің жетістігіміздің ең үлкені осы», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
 Естеріңізге сала кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының алдын ала нәтижелерін жария етті. Сайлау қорытындысы бойынша, «Нұр Отан» партиясына – 82,15, Қазақстан Коммунистік халық партиясына – 7,14, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясына – 7,18, «Бірлік» саяси партиясына – 0,29, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға – 1,18, «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиоттық партиясына – 2 пайыз сайлаушылардың дауысы берілген.

Последнее изменение Четверг, 24 Март 2016 14:10
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.