Халыққа қызмет көрсету орталықтары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз мемлекеттік қызмет алуы бағытында жүйелі жұмыс жасауда.

Четверг, 21 Апрель 2016 09:02 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 6050 раз

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз мемлекеттік қызмет алуы бағытында жүйелі жұмыс жасауда. Міне, бүгін осы мақсатпен Шымкент қалалық Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері Облыстық мүгедектерді оңалту орталығының келушілері үшін оқыту семинарын өткізді. Семинардың тақырыбын оңалту орталығының келушілері өздері таңдады: «Электрондық Үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу».

«ХҚКО» қызметкерлері ЭЦҚ көмегімен электрондық үкімет порталы арқылы қандай мемлекеттік қызметтерді алуға болатындығы туралы айтып, слайдтың көмегімен көрсетті. Сондай-ақ, мобильді үкімет пен мобильдік қосымшаның мүмкіндіктері және мобильдік оператордың SIM-картасына электрондық цифрлық қолтаңба жазудың мүмкіндіктері туралы мағлұмат берді.

Еске сала кетейік, 2013 жылғы қазаннан бастап 1 және 2 топтағы мүгедектер мемлекеттік қызметті үйінде отырып-ақ ала алады. Ол үшін 1414 бірыңғай нөмірі бойынша хабарласып өтініш қалдыру қажет. ХҚКО қызметкерлері өтініш берушімен хабарласып мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынады және қызметалушыға ыңғайлы уақытты белгілейді. Мобильдік топ қызметті көрсету үшін 72 жұмыс сағаты ішінде үйге шығып, құжаттарды қабылдау мен беруді жүзеге асырады. Ал, қызметалушының қалауына қарай оның интернет желісіне қосылған компьютері болса, ХҚКО қызметкері ЭЦҚ жазып, портал арқылы өздігінен қалай мемлекеттік қызметтерді алуды да көрсетеді.


«ХҚКО» ОҚО баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.