Баршаға қолжетімді

Среда, 24 Август 2022 05:03 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 589 раз

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы 2022 жылдың ІІ жарты жылдығында 130 денсаулық сақтау субъектісімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алуға шарт жасасқан. Оның ішінде 98 (75,4%) жекеменшік денсаулық сақтау субъектісі бар.

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемін және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде орналастыру рәсімін филиалдың қызметкерлерінен басқа, қалалық денсаулық сақтау басқармасының, кәсіпкерлер палатасының, медициналық қызметкерлер кәсіподағының және де басқа мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған аймақтық комиссия жүргізді. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтердің көлемі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің енгізілген денсаулық сақтау субъектілеріне орналастырылды.

Филиал медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын үнемі өзектендіріп тұрады. Бүгінгі таңда 2022 жылдың ІІ жарты жылдығына көрсетілген қызметтер бойынша ақы төлеу жұмыстары аяқталды.
Филиал тұрақты негізде көрсетілетін медициналық қызметтердің көлеміне, сапасына мониторинг жүргізеді, көлемдерді болжамдайды, егер де медициналық көмектің кейбір түрлеріне тұтыну жоғарыласа өзге қаражат көздерінен алынып, қайта бөліске салынады, сонымен қатар мүмкіндігінше қосымша қаражат бөлінуді қарастырады, бірақ, бұл жерде Қордың мүмкіндігі шектеулі.
Қаржыны қайта бөліске салу үшін денсаулық сақтау субъектілері Қорға өтінімдерді заңда белгіленген тәртіппен жолдайды.

Ш. Шеримов,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Шымкент қаласы бойынша филиалы директорынын орынбасары

Т. Мейірханов,
Шымкент қаласы «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың» бас дәрігері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.