ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ
Среда, 17 Апрель 2024 05:08Шымкент апатты аймақтарға 200 техника мен 240 млн. теңгеге жуық гуманитарлық көмек жөнелтті.
СОЛТҮСТІККЕ 33 ТОННА КӨМЕК КЕТТІ
Среда, 17 Апрель 2024 05:05Су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан өңіріне Шымкенттен төртінші рет 33 тонна болатын гуманитарлық көмек жөнелтілді. Бұған дейін Шымкент қалалық ҚХА-ның үйлестіруімен 60 тонна жүк, құны 40 млн. теңгеден асатын гуманитарлық көмек Атырау және Батыс Қазақстан облысына үш лекпен жөнелтілген болатын.
ЕЛ БІРЛІГІ ЕҢБЕКТІ ЕСЕЛЕЙ ТҮСЕДІ
Среда, 17 Апрель 2024 05:01Елімізде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен су тасқынына ұшырамаған өңірлерде 8 сәуірден «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. «Мен әкімдердің бәріне бұл бір реттік науқан емес екенін ескерттім. Басқаша айтқанда, сенбілікке шығып, жұмыс істеген сыңай танытып, көзбояушылық жасауға болмайды. Көршілес елдердегі секілді бізге де Қазақстанды көгалдандыру, өңірлер мен қалалардың аумақтарын тазарту жұмыстарын үнемі жүргізу керек» деді Президент.
Бес аптаға созылатын экологиялық науқанның алғашқы аптасы – «Таза өлке» апталығы. Шымкентте осы акция аясында #TazaShym жалпықалалық тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды.
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»
Среда, 17 Апрель 2024 04:58Дәл осы нақылды шымкенттіктер берік ұстанған. Көктем шығып, күн қыза бастағаннан жер-жерде тал егіп, көшеттер отырғызылуда. Осындай игі іс жексенбіде 46 мектеп-лицейі маңында өтті.
Сырға толы Шымқала
Среда, 17 Апрель 2024 04:57Шымкент – күн сайын гүлденіп, түрленген шырайлы шаһар. Өңір халқы қонақжайлылығымен ғана ерекшеленбейді, әр гектарында өткен күннің белгісі бар. Тарихы, тамыры тереңге жайылған, мәдени мұраларға аса бай қала.
КЕНЕДЕН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Среда, 17 Апрель 2024 04:56Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – бұл маусымдық ағымымен ерекшеленетін табиғи-ошақтық ауру. Аурудың өршуі ақпаннан қарашаға дейінгі кезеңде тіркеледі. Табиғаттағы КҚГҚ-ның негізгі тасымалдаушылары мен көзі әртүрлі кеміргіштер, үй және жабайы жануарлар (ірі қара мал, жылқы, ит, шошқа), сондай-ақ вирусты өмір бойы сақтап, оны ұрпақтарына тарататын кенелер. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарда ауру көбірек кездеседі.
ҒЫЛЫМ – ӨМІР ШЫРАҒЫ
Среда, 17 Апрель 2024 04:51М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні атап өтілді. Іс-шараға оқу орнының ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлері қатысты. Оқу орнының Басқарма төрағасы – ректор м.у.а Қайрат Нұрманбетов салтанатты шараны ашып, ғалымдарды мерекемен құттықтады.
ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНЕН БАСТАЛАДЫ
Среда, 17 Апрель 2024 04:49Шымкентте «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастырумен қонақ үй бизнесі әкімшілеріне арналған оқыту семинары басталды. Семинарда мейманхана индустриясында табысты жұмыс істеу үшін қажетті дағдылар үйретілмек.