Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясовтың соңғы есептік кездесуі №24 мектепте өтті. Жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Нұрлан Сауранбаев, құрылымдық салаға жауапты бөлім басшылары, депутаттар және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Сонымен бірге, «Теріскей», «Күншығыс», «Сайрам», «Ұлағат», «Шаңырақ», «Қарабастау», «Жұлдыз» елдімекендерінің тұрғындары көптеп жиналды. …