«Тауар таңбасы және контрафактілік өніммен күрес»

Среда, 30 Январь 2019 08:32 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 603 раз

Контрафактілік тауарларды сатып алу қаупін болдырмау үшін өнім белгілері бар-жоғын есте сақтап, тексеріп алу қажет. Тіркелген  тауар белгісі – тауар таңбасы ретінде бейнелеу, сөз, көлем белгілері және өзгеде белгілер кез келген бояулы түстер үйлесімінде тіркелуі мүмкін. Тіркелген әрбір тауар белгісіне заңды иесі тауар белгісі пайдаланатын өнім толық сипатталатын куәлік алады. Тауар белгісін қорғау белгісі – латынша «R» әріпі шеңберге алынған болуы тиіс.

Әрбір тіркеуге алынған тауар белгісінде құқықтық қорғау мен сақтау белгісі болады, ол тауар белгісінің жанына орналастырылады және бұл белгі аталған тауардың қорғалатынын білдіреді. Құқық иеленушінің рұқсатынсыз оның тауар белгісіне ұқсас белгілерді, тауар белгісін дараландыру үшін тіркелген тауар таңбасын немесе біртектес тауарларды пайдалануға ешкімнің де құқығы жоқ, себебі осылайша пайдаланудың нәтижесінде олардың араласып кету мүмкіндігі туындайды. Тауар белгісін пайдалануға рұқсат беретін құжаттар. Құқық иеленуші заңмен қорғалатын және тіркелген тауар белгісін басқа тұлғаға пайдалануға бере алады, алайда ол тиісті құжаттармен (тауар белгісіне берілетін айрықша құқықты иеліктен шығару туралы келісім-шарт немесе тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық келесем-шарт) расталуы тиіс.

 Қазіргі таңда, Қазақстанның тұтыну нарығында, сондай-ақ жалпы әлем бойынша контрафактілік (жасанды) өнім көлемі ұлғаюда. Адамдардың көпшілігі контрафактінің тигізетін залалын сезбейтіндіктен, сапасыз тауарларды өндірушілердің құрбанына айналады. Контрафактілік өнім түпнұсқа секілді қымбат бағада сатылуы мүмкін және керісінше, сатып алушы үнемдеу мақсатында әдейі арзан жасанды затты сатып алады. Қазақстанның тұтыну нарығында сапасы төмен, ал кейде қауіпті өнімнің пайда болуы ұлт денсаулығына залал келтіреді және тұтынушылардың өміріне қауіп төндіреді, мемлекеттің экономикасына, ел беделіне елеулі нұқсан келтіреді. Адал ниетті тұтынушылардың қатысуынсыз контрафактілік өнімдерге қарсы күресте  табысқа жету мүмкін емес.

Қазақстандық нарықта танымал әлемдік брендтердің жасанды тауарларының саны көп. Жасанды тауарлар нарыққа әлдеқашан шыққан және бір-бірімен бәсекелес. Контрафактілік өнімнен айыруға  құқық иеленуші-компаниялардан (бренд иесінен) өзге ешкім қызығушылық танытпайды.  Компания өзі жеке немесе өзінің өкілі арқылы елдегі мемлекеттік органдарға немесе сотқа жүгіне алады және осыдан кейін құқық иеленушінің арызы бойынша ғана құзырлы органдардың бұзушыларға қарсы  әрекеттерді жасау құқығы пайда болады.        

                     

                     Шымкент қаласы Әділет

                     департаментінің бас маманы

                     Азимова Дина

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.