ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЛУДЫ ЖЕҢІЛДЕТТІ
Пятница, 01 Апрель 2022 04:36«Цифрлы Қазақ-стан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар, бір айта кетерлігі, коронавирус пандемиясы кезінде тоқтап қалмай, керісінше, дами түсті. Қашықтан жұмыс істеу мен қызмет көрсету сапасы артып, алыстағы межеден күнделікті қажеттілікке айналды. Онлайн қолжетімділіктің қатарында мемлекеттік қызметтер де бар. Осыған орай ел азаматтарына мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалының директоры Данабек
ИСАБЕКОВПЕН тілдескен едік.
«ШЫМКЕНТТІҢ ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ БРЕНДІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ КӨЗДЕЙМІЗ»
Среда, 30 Март 2022 04:34Шымкенттіктер шығыс халықтарында жыл басы саналатын 22 наурыз күнін сән-салтанатымен қарсы алды. Бұл жылдағы игі дәстүрге айналғаны қашан. Мерекелік іс-шаралар аясында үшінші мегаполистің көрікті жерлері көпшілік назарына ұсынылып, халқымыздың қонақжайлылығы паш етілді.
Бауыр ісігіне жаңа әдіспен ота жасалды
Среда, 30 Март 2022 04:30Үшінші мегаполистің дәрігерлері бауыр ісігі диагнозы қойылған науқастарға жаңа әдіспен ота жасауды меңгеруде. Инвазивті эндоваскулярлық әдіс елімізде екінші болып Шымкент қаласында жасалды.
Дария Қожамжарова, М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры: БҮГІНГІ ДӘУІР – СӨЗДІҢ ЕМЕС, НАҚТЫ ІСТІҢ УАҚЫТЫ
Пятница, 25 Март 2022 04:16– Дария Пернешқызы, Мемлекет басшысының Жолдауынан қандай ой түйдіңіз?
– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент қабырғасында халыққа саяси реформалар жөніндегі кезекті Жолдауын арнады. Бұл Жолдаудың маңызы айрықша. Мемлекет басшысы өз сөзін: «Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті», – деп бастады. Иә, Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл сөзінде үлкен саяси салмақ жатқанын айқын аңғарамыз. Бүгінгі заманның келбеті басқа, мақсаты айқын. Себебі, бүгінгі дәуір сөздің емес, нақты істің уақыты екенін анық көрсетуде. Ұлы Абай сипаттағандай, «Әркiмдi заман сүйремек, Заманды қай жан билемек?» – дегендей, жаһандық замана келбетінің ағымы бөлек, аламаны ерек. Бүгінгі дәуірдің тарихи болмысы Жаңа Қазақстанның болашағын ойландырмай, толғандырмай қоймасы анық.
Nauryz Fashion Day көрсетілімі өтті
Пятница, 25 Март 2022 03:57Наурыз мерекесі аясында үшінші мегаполисте Nauryz Fashion Day дизайнерлік сән көрсетілімі ұйымдастырылды.
ШЫМКЕНТТЕ ОНЫНШЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Пятница, 18 Март 2022 04:45Үшінші мегаполисте «Жұлдызай» оңалту орталығы ашылды. Медициналық орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов, орталық басшылары, демеушілері, балалар мен ата-аналары қатысты.
Тарихтан тағылым, өткенге тағзым
Пятница, 18 Март 2022 04:27Шымкентте Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы мерекелік іс-шаралар Шежіре күнімен жалғасты. Shymqala кешенінде «Жеті атаның тарихы» атты мерекелік іс-шара өтті.
Ұстаздар ұлттық киімде
Среда, 16 Март 2022 04:42Үшінші мегаполистің мұғалімдері жаңа бастама көтерді. Мектеп оқытушылары мен балабақша тәрбиелеушілері өскелең ұрпаққа тәрбие беру үрдісін ұлттық киімде жүргізуде.