Парақорлықтың алдын алу

Четверг, 11 Март 2021 05:41

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.

Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде.

Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлерінің айналысып отырғанын көресетіп берді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деп көрестілген.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысуының негізгі себептері мыналар болып табылады: -мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білім дәрежесінің төмен болуы; -құқық бұзушылыққа немқұрайлы қарайтын, қызметтік тәртібі төмен кейбір мемлекеттік органдар; -кейбір мемлекеттік қызметшілердің мемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын күйттеуі; -кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы заң талаптарын орындау жөніндегі жұмысының мардымсыздығы; сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет.

Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының бөлім басшысы Н.Асқарбек

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап, декларацияны табыс ету жылының 1 қаңтарына болып табылатын, мынадай тұлғалар:

- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар және олардың жұбайлары;

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;

- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ұсыну міндеті жүктелген тұлғалардекларация тапсырады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету мерзімі:

Қағаз түрінде – 2021 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;

Электрондық түрде – 2021 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету тәсілдері:

Электрондық түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ eSalyq аzamat және (egov.kz) мобильді қосымшалары арқылы.

Қағаз түрінде – мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен не тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтер

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда:

 

1. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі мүліктері:

жылжымайтын мүлік, жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін, әуе және теңіз кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, «өзен-теңіз» жүзу кемелерін;

көлік құралдарын, арнайы техника және (немесе) тіркемелерін;

барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақшасын;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін көрсетуге арналған.

 

2. ҚазақстанРеспубликасындағы және (немесе) одан тыс жерлердегімүлік:

тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісім бойынша тұрғын үйдегі үлес;

бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (туынды қаржы құралдарын қоспағанда, олардың орындалуы базалық активті сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылатын);

инвестициялық алтын;

зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық;

республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және декларация ұсынылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде көрсетілген қолма-қол ақша;

банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған берешегін қоспағанда, міндеттемелердің немесе талаптардың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған (куәландырған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде жеке тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек);

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн болған кезде, осы мүліктің бірлігі үшін баға (құн) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда жеке тұлғаның қалауы бойынша басқа мүлік көрсетілуі мүмкін. Бұл ереже мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке қатысты қолданылмайды.

 

Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының
бас маманы Бексултанов Мейрамбек Данышпанұлы

Салық төлеушілер назарына!

Четверг, 11 Март 2021 04:25

Электрондық қызметтерді алу кезінде салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасы іске қосылған. Аталған қосымшаны App Store және Play Market арқылыжүктеп алуға болады.

Бүгінгі күні «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасында салық төлеушілер үшін көптеген тиімді қызмет түрлері көрсетіледі, оның ішінде атап айтсақ:     

1- Салық әмияны Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер салық әмиянын толтыру арқылы салықтарды баламалы төлеу мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, салық төлеуші бюджетке салықтың және басқа да міндетті төлемдердің артық немесе қате төленген сомасын есепке жатқызуға немесе қайтаруға өтінішін қосымша арқылы жолдауға болады;

2 -Жалпыға бірдей декларациялау бойынша салықтық есептілік нысанын тапсыру сервисімен қамтылған;

3 - Салық салу объектілері уәкілетті МО-мен бірлесіп салық салу объектілері бойынша деректердің едәуір бөлігін өзектендіру жүргізілді, соның нәтижесінде жеке тұлғалардың мүлік , жер және көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша алдағы төлемдер сервисі іске қосылған;

4 - Қызметкердің еңбек ақысы туралы мәліметтерді көруге мүмкіндік берілетін қызмет 2021 жылдан бастап іске қосылған;

5 – Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы , БЖТ, Электронды сервистер, Калькуляторлар, Жиі қойылатын сұрақтар қызметтері іске қосылған.

 Еңбекші ауданы бойынша МКБ-ң
бас маманы П.Аимбетова

Шымкентте жыл сайын көктем мезгілі келгенде айналаны тазалау, ағаштарды бұтап, түбін әктеу және жас шыбықтар отырғызу үрдіске айналған. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысқан жалпықалалық сенбілікке 8 мыңнан астам тұрғын шаһар тазалығына атсалысты.

219

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Рысқұлов-Қонаев көшелері қиылысындағы жолайырық құрылысының барысымен танысты.

213

ҚАРАҚАТ – КӨКТЕМ АРУЫ

Среда, 10 Март 2021 04:28

Шымшаһарда дәстүрлі «Көктем аруы – 2021» байқауының жеңімпаздары анықталды. Қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйытқы болуымен өткен қыз сынында 16 мен 25 жас аралығындағы сымбатты да сұлу 30 ару бақ сынады.

216

Шымкентте опера және балет театры ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне «Домалақ ана» операсының премьерасын тарту етті.

214

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам тұрғын алабындағы «Бүркіт» әскери спорт базасының жұмысымен танысты.

212

Страница 9 из 462