«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы «Таза бейсенбі» іс-шарасы Абай саябағында жалғасты. AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы өкілдері және аудандық атқарушы хатшылар, Тұран ауданы әкімдігі, мәслихат депутаттары да акцияға белсене үлес қосты. Жалпы экоакцияға 100-ден астам адам қатысты.

tazaBB

Шымкент қалалық №2 аурухананың дәрігерлері 75 жастағы қарияның аяғын ампутациядан сақтап қалды. Қант диабетінің асқынуынан диабеттік табан диагнозына шалдыққан науқастың аяғын жара басқан. Салдарынан аяғы ампутацияны қажет ететін халге түскен. Қуанышқа орай, ангиограф аппаратының көмегімен жасалған ота сәтті өтіп, науқастың қан айналымы қалпына келтірілді және жарасы жазыла бастады.

karia

ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен өткен «Денсаулық бұрышы» акциясында дәрігерлер 400-ге жуық азаматқа кеңес берді.

dariger

Кеше, 15 тамыз күні Қазақстанның Халық әртісі және еліміздің Әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 94 жыл толды. Туған күніне орай Шымкент қаласындағы «Шәмші әлемі» гүлзарындағы композитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қаланың мәдениет саласының майталмандары, өнерпаздар, зиялы қауым өкілдері сазгердің рухына құрмет көрсетті. Сонымен қатар Абай атындағы қалалық кітапханалар желісінің №2 кітапханасында қазақ вальсінің королін еске алуға арналған мәдени іс-шара да ұйымдастырылды.

shamshi

ұлттық спорт пен мәдениетімізді әлемге паш ететін шараға айналмақ

Былтыр Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтың тағы бір ерекшелігі – көне дәуірден бері келе жатқан өмір салты. Өзге елдер бізді көшпенділердің ұрпағы ретінде біледі. Бұл да – халқымыздың басты брендінің бірі. Келесі жылы менің шақыруыммен Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Бұл қадам ұлттық спортты дамыта түсуге зор мүмкіндік береді. Сондықтан байрақты бәсекені жоғары деңгейде өткізуіміз керек» деп атап өткен болатын.

koshpendi-2

kokpar-jattygu 2

Алдағы қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында қазақстандық көкпаршылар Алматы облысында көкпар және көкбөрі ойындары бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

«ДКО аясында көкпар және көкбөрі ойындары өтеді. Қазір спортшылардың дайындықтары жақсы. Басты қарсылас ретінде Қырғызстан мен Өзбекстанды айтар едім. Егер біз көкпардан жеңісімізге сенімді болсақ, көкбөрі ойынынан мүмкіндіктеріміз тең дәрежеде. Біраз жылдан бері көкбөрі ойнаған жоқпыз. Десе де жеңіс үшін барлық мүмкіндігімізді пайдаланамыз» - , деді көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев.

Көкпардан ұлттық құрама мүшесі Наурызбай Қалтаев байрақты бәсекеге дайындық жайлы және көкпар мен көкбөрінің айыырмашылықтары турасында айтып берді.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына деген дайындығымыз жоғары деңгейде өтіп жатыр. Екі спорттың айырмашылығы тайм санында – көкбөріде үш тайм ойналады, ал көкпарда екеу. Көкбөріде қазандыққа, ал көкпар жерге сызылған шеңберде ойналады», - деп атап өтті Наурызбай Қалтаев.

Көкбөрі сайысы бойынша әр командадан 12 қатысушы болады. Спортшылардың дайындығы үшін Көкпар федерациясы тәжірбиелі кеңесшілерді тартқан. Оқу-жаттығу жиындары ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Еске сала кетейік, Республикалық «Көкпар» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Аударыспақ», «Бәйге», «Теңге ілу», «Садақ ату», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта кезекті оқу-жаттығу жиыны 1-14 тамыз аралығында Ақмола облысының Щучье қаласында өтуде. Бұл оқу-жаттығу жиыны барысында балуандардың арасында қорытынды белдесулер өткізіліп, әр салмақтың үздіктері анықталды.

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына келесі балуандар іріктелді:

 

Ерлер:

Төлепов Бекжан

Берекетов Мейіржан

Тұқышев Дидар

Қожамбеков Жұмажан

Сейітқазынов Ерсін

Жанатаев Ерасыл

Мұзаппаров Ерсұлтан

Жарылғапов Нұрдәулет

 

Әйелдер:

Жылқыбаева Айжан

Азаматова Назерке

Нұрмахамметова Рауза

Құсақбаева Бақыт

Сарипова Зарина

Нысантайқызы Роза

Файзолланова Зәмзәгүл

Бахиева Альбина

Еліміздің ең үздік 6 теңге ілушісі Көшпенділер ойындарына тікелей жолдама беретін 3 орынды сарапқа салып, іріктеу ойындарына қатысты.

Спортшыларымыз «Қос құлаш», «Бес белес», «Жеті құт» стилдері бойынша бақ сынады. Қорытындылай келе, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын келесі спортшылар қорғайды:

- «Бес белес» стилінен Бекнұр Серіков;

- «Жеті құт» стилі бойынша Бақыт Төлтай;

- «Қос құлаш» стилінен Рахат Қамбаров.

Страница 51 из 923