Тазалықты сақтау – баршаға ортақ міндет

Четверг, 22 Август 2024 08:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 245 раз

WhatsApp Image 2024-08-22 at 10.34.40

Шымкент қаласының тұрғындары Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бастамасына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мұны тұрғындардың «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысунан да байқауға болады.

Мәселен бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Қайтпас шағын ауданында өткен «Таза көше» атты іс-шараға жергілікті тұрғындар, белсенді, ерікті жастар, Жасыл ел» жасақтарының мүшелеріжәне еңбек ардагерлері де белсенді түрде қатысты. Аталған тазалық шарасына қатысушылар Алматы тас жолы мен Қ.Төлеметов көшесінің бойын күл-қоқыстан тазалап, ретке келтіріп шықты.

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындарды, әсіресе, жастарды айналамыздың таза болуын сақтауға өз үлесін қосуға шақырады. Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Бүгінде тазалық акциясына тұрғындар, жастар, мемлекеттік қызметкерлер атсалысып келеді. Бұл қазақ елінің татулығын, әрбір іске жауапкершілікпен қарайтындығын көрсетеді. Қаратау ауданына қарасты екі мекен-жайда тазалық жұмыстары қатар жүргізілуде. Алматы тас жолы мен Қ.Төлеметов көшесінің бойы, жалпы 5 шақырым жерде тазалық жұмыстары жүргізілді. 150 -ге жуық адам қатысып, 8 техника жұмылдырылды», - дейді Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов.

Айта кетейік, тазалық шаралары Шымкент қаласының барлық аудандарында жаппай өткізілуде және қоқыстар жиналып, тазалықты сақтау, жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарау ықпал етіп келеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.