БІЛІМДІ ҰРПАҚ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ
Пятница, 16 Август 2024 06:17немесе тамыз кеңесінде педагогика саласының өзекті мәселелері қаралды
Шымкент қаласындағы «Tulip Hall» мәдени орталығында «Digital kazakhstan:жаңа замандағы білім беру» тақырыбында білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Басқосуға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов қатысып, ізгі тілегін білдірді.
МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР ӨНДІРІСІ – МЕГАПОЛИС ЭКОНОМИКАСЫНА ТЫҢ СЕРПІН БЕРГЕН САЛА
Пятница, 16 Август 2024 06:16Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің экономикасын дамытудың басым бағыттары негіздеп берілгені белгілі. Мемлекет басшысы бірінші кезекте өңдеу саласын жедел дамытуға назар аударып, сапалы өнім шығаратын кластерлер құру және өз нарығымызды отандық өніммен толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жетуді көздеп отыр.
МӘЖІЛІСМЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ
Пятница, 16 Август 2024 06:13ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Атап айтқанда, Шымсити шағын ауданында «Дамдес Отау» тұрғын үй кешеніндегі өзекті мәселелер бойынша тұрғындармен жүздесіп, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілген тұрғын үйдің сапасын тексерді.
ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСІП, ЖҰМЫСТЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАДЫ
Пятница, 16 Август 2024 06:12Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы кезекті аралауы барысында Достық шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Азаматтармен бірге асфальт төсеу, ішкі орам көшелерін жарықтандыру және қоғамдық көлік бағытын оңтайластыру сынды бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Шаһар басшысы жауапты мамандарға тұрғындармен бірге көшелердің тізімін жасап, алдағы жоспарға енгізуді тапсырды.
БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Пятница, 16 Август 2024 06:11Осы аптада «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Құқықтық көмек» жобасы аясында тақырыптық қабылдау өтті. Балалардың құқығын қорғау, оларға қатысты заң бұзушылық жағдайлары бойынша ұйымдастырылған кездесуге бірнеше басқармалардан жауапты мамандар келді. Адвокаттар, әділет департаментінің өкілдері қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
«БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Пятница, 16 Август 2024 06:08Үшінші мегаполисте «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға жалпы 40-қа жуық кәсіпкер қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.
ЖҰМЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАР АРНАЙЫ ТӨЛЕМ АЛДЫ
Пятница, 16 Август 2024 06:08Биылғы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 198,5 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 148,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 46,5 млрд. теңге болды.
ШЫМКЕНТТІҢ КӨРКЕЮІ БҮКІЛ ЕЛДІҢ ДАМУЫНА ТЫҢ СЕРПІН ӘКЕЛЕДІ
Пятница, 16 Август 2024 06:07ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өңірлерді дамыту мәселесіне баса назар аудару керектігін айтқан болатын. «Еліміздің өркендеуі өңірлердің дамуына тікелей байланысты. Қазір Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Әлеуметтік, экономикалық және демографиялық ахуал мүлде басқа. 2019 жылғы Жолдауда айтқан «Қуатты өңірлер, қуатты ел» деген ұстанымым – күні бүгінге дейін әлі өзекті мәселе», – деді Мемлекет басшысы.