«АҚЫЛ – ЖАСТАН, АСЫЛ – ТАСТАН» Избранное

Пятница, 09 Август 2024 05:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 637 раз

Халықаралық жастар күні қарсаңында 3-12 тамыз аралығында мегаполисте «Жастармен бірге!» атты онкүндік шеңберінде 10 бағыт бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

akiL

 

Осыған орай, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық саябақта, жастар арасында «Just quiz» интеллектуалды сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты – қала жастарының зияткерлік қабілеттері мен білімін шыңдау, ой-өрісін дамыту, әдет-ғұрып, ғылым, өнер, әдеби мұраларды насихаттау, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыру, сондай-ақ, ана тілімізді, ұлттық құндылықтарымызды арттыру, зияткер ортаға үлес қосу, жастардың танымын арттыруға, ізденуге, алған ақпаратты қысқа уақыт ішінде сараптан өткізуге, қисынды ойлауға баулу болатын. Ұйымдастырушылар дегеніне жетті десек болады. Сайыс өте қызықты, тартысты өтті. Дегенмен, жаз мезгілі болғандықтан жастарды жинау оңайға соқпады, дейді ұйымдастырушылар.
– Зияткерлік сайыста бәсекеге түсетін әрбір команда өз ортасында топ жарған білімді жастар. Сәттілік серіктеріңіз болғай! Алдағы уақытта осындай жастардың басын қосатын көшбасшы, интеллектуалды ойындарға қатысуына ықпалдасып, үлгі болыңыздар. Жастардың таным-көзқарас көкжиегін кеңейтетін іс-шаралар легі толыса берсін, – деді Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының басшысы Марат Спатаев.
«Just quiz» интеллектуалды сайыста жастар 4 топқа бөлініп, түрлі логикалық сұрақтарға жауап беріп, сондай-ақ қызықты кезеңдерде бақ сынасты. Әр кезеңде топтар ұпай жинап, соңында қорытынды ұпай саны жарияланып, жеңімпаз топтар арнайы алғыс хаттар мен сыйлықпен марапатталды.

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.