АЛДЫМЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ... Избранное

Пятница, 10 Февраль 2023 04:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1096 раз

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы «Бозарық» индустриялық аймағында инфрақұрылым жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Мердігерлер аймақты электр қуатымен қамтамасыз ету үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыруда.

1014

 

Өткен жылдың қыркүйегінде басталған құрылыс осы жылға өтпелі. Мұнда қуаттылығы 16 МВА 2 дана трансформатор, 35 кВ ашық тарату жабдықтары мен 10 кВ жабық тарату жабдықтары, 35 кВ кабель желісі орнатылуда. Жобаға сәйкес 2023 жылдың мамырында қуаттылығы 35/10 кВ құрайтын қосалқы станция пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ индустриалдық аймақта газдандыру, ауыз су және кәріз жүйелерінің құрылысы қатар жүргізілуде. Кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аймақты сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.