БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ Избранное

Среда, 16 Август 2023 04:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 641 раз

ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, республикалық бюджеттің атқарылуы және жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды.

816

 

Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты бақылауда. Биылға жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында барлық салада кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қала бюджетіне 645,2 млрд.теңге жоспарланған болса, оның 92,8 млрд.теңгесі республикалық бюджет есебінен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 574,1 млрд.теңгені, нақты көлем индексі 100,3% құрады.
Қала аумағында бүгінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл 18 500 орындық 18 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, үш ауысымда оқытатын 4 мектептің мәселесі толығымен шешіледі. Бүгінде 9 мекеменің білім ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Барлық құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде, нысандардың қыркүйекке дайындығы қатаң қадағалауда.
Үкімет басшысы жергілікті әкімдерге өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыруда бірқатар тапсырмалар жүктеп, жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.