ТҰРАНДА 41 КӨШЕ ЖАҢАРАДЫ Избранное

Среда, 16 Август 2023 04:22 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 804 раз

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тұрғындармен кездесуі барысында жиі көтерілетін маңызды мәселенің бірі — жолдарды жөндеу, асфальттау және шағал тас төсеу.

819

 

Осы орайда, тұрғындардың көтерген мәселесі дер кезінде қолға алынып, Тұран шағынауданында 50 000 текше метрге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Күні бүгінге дейін 35 000 текше метрге шағалтас төселген. Қазір 15 000 текше метрге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Шағынауданда 40-тан астам көше орналасқан. Оның 20-дан астам көшесі асфальтталса, 10-ға жуық көшесіне шағал тас төсеу жоспарлануда. Жалпы аудан аумағында биыл 41 көшеге шағал тас төселеді.
Аталған жұмыстар «Бозарық» саяжайында 7 көшеге, Шапағат шағынауданында Бике қоңыр, Желдіқара, Мирас көшелері, Тассай тұрғын алабында Көкбөрі, Шолпан, Көкпекті, Көкпар, Кеңтарал (жалғасы), Еділ қаған, Мөде қаған және атауы жоқ 7 көшеге, Тұран шағынауданындағы №26 көшеге, Ойқараған, Шырайлы, Нарсай, Найзакескен, Дәуір және атауы жоқ 11 көшеге жүргізілетін болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.