24-ШІ НҮКТЕ – ХАЛЫҚТЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН Избранное

Среда, 16 Август 2023 04:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 742 раз

«GraMad» сауда желісінің 24-ші нүктесі қаламызда халық тығыз орналасқан Тұран шағынауданында ашылды. 17 мыңға жуық халық тұратын шағынаудан енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіледі.

820

 

Нысанның жалпы алаңы 650 шаршы метрді құрайды. Жалпы құны 100 млн. теңге инвестиция құйылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. «GraMad» сауда желісі 2019 жылдан бастап үй жанындағы дүкен форматына көшіп, өз тұтынушыларына алуан түрлі тауарлар ассортиментін ұсынып, жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған.
Сонымен қатар, сауда орны Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесе «GraMad» сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру бағдарламасының қатысушысы болып табылады.
Сауда желісі айналым қаражат есебінен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатуда. Тұрақтандыру қорының айналым қаражаты есебінен ағымдағы жылдың соңына дейін «GraMad» сауда желісінің нүктелерін 30-ға дейін арттыру жоспарланған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.