ЖАСӨСПІРІМНІҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ Избранное

Пятница, 27 Октябрь 2023 04:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 353 раз

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасында алғаш рет жасөспірімнің жүрегіне күрделі ота жасалды. Анасының айтуынша, пациент 16 жасқа толғанға дейін туа бітті жүрек ақауының ешқандай белгісі байқалмаған. Керісінше, бала спортпен айналысып, өзін сергек сезінген.

758

 

— Ұлым кенеттен бет-аузы ісініп, қан қысымы қайта-қайта көтеріле берді. Жедел жәрдеммен ауруханаға келдік. Мұнда дәрігерлер жедел ота жасау керек екендігін айтқанда өзіміз де түсінбей қалдық. Дәрігерлер дер уақытта көмек көрсетіп, ота жасады, — деді науқастың анасы Мадина Әзімова.
Мамандардың айтуынша, Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасына мұндай диагнозбен түскен науқастар бұған дейін де болған. Дегенмен, мұндай ота алғаш рет жасалған. Қазіргі уақытта ауруханада білікті дәрігерлер жеткілікті, ота жасауға мүмкіндік те мол. Сондықтан да дәрігерлер бұл ота түрін қолға алып отыр.
—Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, балада туа бітті жүрек ақауыдиагнозы анықталды. Екінші күні дәрігерлердің шешімімен күрделі ота жасалып, балаға окклюдер аппараты қойылды. Ота 25 минутқа созылып, сәтті өтті. Қазіргі таңда науқас бала дәрігерлердің бақылауында, жағдайы тұрақты, — дейді ангиохирургия бөлімінің меңгерушісі Олжас Шынтасов.
Айта кетейік, жақында аталмыш балалар ауруханасында ұстамалы талма (эпилепсия) ауруына да тұңғыш рет ота жасалған. Ол ота түрі де сәтті өтіп, дәрігерлер басқа да науқастарға жасауды жоспарлап отыр.

Гүлнұр СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.