ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА Избранное

Пятница, 16 Август 2024 06:01 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 819 раз

Биыл маусым айында Жібек жолы – Сайрам көшелері қиылысында жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға берілген болатын. Жаңа әлеуметтік нысан кәсіпкерлер тарапынан іске асырылды. Жаңа нысанның ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те қатысып, тұрғындармен кездескен еді. Еңбекші ауданында биыл тағы 5 аумақты абаттандырып, гүлзар салу жоспарланып отыр. Ауданда тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары қарқынды іске асуда. Жалпы, инфрақұрылымды дамыту, аулаларды абаттандыру, ирригациялық жүйелерді дамыту, әлеуметтік нысандар құрылысы жоспарға сай жүргізілуде.

Jol

 

Ауызсу, электр қуатымен қамту 100 пайызға жетеді

Ауданда 18 тұрғын алап және 11 шағын аудан бар. 728 көше мен өткелдер, 2 саябақ, 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үй орналасқан. Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен толық қамтылған. Атап айтқанда, ауыз сумен 97 %-ға, электр жарығымен 99,8 %-ға, табиғи газбен 90,7 %-ға, кәріз жүйесімен 41 %-ға, асфальт жолмен 73,1%-ға қамтамасыз етілген.
Таяуда Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек жарты жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, баспасөз брифингін өткізген еді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағытында оң нәтижелер бар.Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауданда инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.
Досбол Күздікбайұлының мәліметінше, қазіргі таңда ауыз сумен қамту көрсеткіші – 97 %. Аудан аумағына жаңадан қосылған «Исфиджаб» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 2023 жылы қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «Мелиоратор» ЖШС-і мердігер мекеме болып анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылды. 2024 жылы Жастар көшесі мен «Қазығұрт» станция аумағындағы 102 абонентті және Оңтүстік-Жаңақұрылыстағы 989 абонентті сапалы ауыз сумен қамту мақсатында ЖСҚ әзірлеу жоспарға енгізілген.
2023 жылы Исфиджаб, Достық (1356 абонент) тұрғын алаптардағы жеке меншік жүйедегі электр желісін ауыстыру үшін «DIAS Проект» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған еді. Былтыр 9 трансформатор ауыстырылып, 16,7 шақырым желі жаңартылды.
Қазіргі таңда «Сайрам» жобасы бойынша бастапқы қаржы қаралып, «Қазеурострой» ЖШС мердігер мекеме болып анықталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі. 2024 жылы Қарабастау Жаңақұрылысында (120 абонент) 19 трансформатор мен 33,4 шақырым желіні жаңарту жоспарлануда. Аудан аумағындағы ескірген трансформаторлар мен желілер инвест жоба аясында 2027 жылға дейін жаңартылады. Бүгінде «Оңтүстік» шағынауданында желілерді жаңарту жұмыстары жүзеге асуда. Табиғи газбен қамту бойынша 2023 жылы Оңтүстік, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе тұрғын алаптарының жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке жобалау-сметалық құжат әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Шымкентгаз» ЖШС тарапынан Қаратөбе тұрғын алабының Жаңақұрылыс аймағын көгілдір отынмен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында. Қарабастау тұрғын алабында (1590 абонент) мердігер мекеме «Отау Строй» ЖШС тарапынан жұмыстар басталып, 2 көшеге (1,6 шақырым) құбыр тартылды.
Қалған тұрғын алаптарға құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бастапқы қаржысы қаралып, мердігер мекемелер анықталды. Жұмыстар тамыз айында басталады. Жалпы ауданда ауызсу, электр қуатымен қамту 2025 жылы, табиғи газбен қамту көрсеткіші 2026 жылы 100 пайызға жетеді.

Жолдар жөнделіп, ирригация арықтары орнатылды

Ауданда ұзындығы 732,91 шақырым 728 көше мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы (73,1%) – асфальт, 158,38 шақырымы (21,6%) – тас, 38,76 шақырымы (5,3%) – топырақты жолдар. Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырым 73 көше орташа жөндеуден өтсе, 2024 жылы ұзындығы 30,5 шақырым 78 көше жөнделеді. Қазіргі таңда бірқатар көшелерде жұмыстар бастау алды.
Сонымен қатар, 12 көшеге (9,3 шақырым) шағал тас төсеу («Еңбекші» КММ) және аудан аумағында көшелерге 10,3 шақырым аяқ жол салу («Сәтті Құрылыс НС» ЖШС) жоспарланған. Бүгінде Базарқақпа тұрғын алабында аяқ жол салу жұмыстары атқарылып жатыр. Жалпы қазіргі таңда 5 шақырым аяқ жол салынды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 2022 жылы әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан 22 көше жарықтандырылды. 2023 жылы 28 көшеде жарықтандыру жұмыстары орындалды. 2024 жылы 244 көшені жарықтандыру назарда тұр. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жарықтандыру жұмыстары басталып кеткен. Қазіргі таңда бетон бағаналар орнатылды. Жыл қорытындысымен жарықтандырылған көше саны 361-ге жетіп, жарықтандырылған көшелердің үлесі 49,5%- ға артпақ.
2023 жылы 19 мекенжайға ұзындығы 8,1 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды («Маверикс», «Сәтті құрылыс» ЖШС). 2024 жылдан бастап Шымкент қаласының мәслихаты шешімімен ирригациялық арықтарды орнату жұмыстары Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жүргізіледі.
Аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Яғни, тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы жергілікті бюджеттің қалыптасуына үлес қосуда. 2024 жылы 44 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 18 мекенжайда кешенді балалар ойын алаңшасын орнату жоспарға алынған. Қазір 20 нысанда балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Қалған абаттандыруды қажет ететін 36 ауланы абаттандыру 2025 жылға жоспарға енгізілді.
Әрине, балалар ойын алаңшасының сапасын қадағалайтын арнайы техникалық қадағалау мекемесі бар. Сапаға көңіл бөлу – басты талап. Аудан әкімінің айтуынша, әкімдік қызметкерлері ойын алаңшаларын орнату жұмыстарының барысын әрдайым қадағалауда. Бұқаралық спортты дамыту бойынша әр елді мекенде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жастар орталығымен бірлесе іс-шаралар, жұмыстар атқарылып келеді.
2024 жылы 8 ашық спорт алаңшасын орнату назарға алынған. 2 нысанда құрылыс жұмыстары басталды. Еңбекші ауданында 2024 жылы 5 гүлзар салу жоспарлануда. Мердігер мекемелермен келісім шарттар түзіліп, жұмыстар басталды. Оның бәрі де демеушілер есебінен іске асады. Атап айтқанда, Ш.Уәлиханов көшесі №215 в, 217, 217 а, Елшібек батыр көшесі, Тоғыс тұрғын алабындағы Мұнайбарлаушылар көшесі, Ж.Арзымбетов көшесі, Бадам-2 тұрғын алабы № 97 мектеп жаны абаттандырылып, жаңа кейіпке енбек. Маусым айында «ВI Group» ЖШС-нің демеушілігімен Жібек жолы көшесінің бойынан қала тұрғындары мен қоңақтарына арналған қоғамдық кеңістік құрылған болатын. Мұның бәрі де тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру үшін қолға алынған жұмыстар.

Мәдениет үйінің құрылысы аяқталады

Еңбекші ауданында қазіргі уақытта бірқатар әлеуметтік нысандар құрылысы да қарқын алған. Тозығы жеткен мәдениет үйлерінің де мәселесі шешімін тауып келеді. Ұлағат шағын ауданында өткен жылы 1200 орындық «Жайлы мектеп» құрылысы басталды. Аумақта инфрақұрылым жүйесі толық қаралған, асфальт төселген. Әлеуметтік нысан құрылысы биыл аяқталмақ. Ал Қарабастау жаңақұрылыс аймағындағы 1200 орындық «Жайлы мектепті» де биыл қыркүйек айына дейін тапсыру жоспарда.
Базарқақпа тұрғын алабындағы «Қаратөбе» мәдениет үйінің ғимараты апатты болуына байланысты 2022 жылы «Диас Проект» ЖШС-і жобалық-сметалық құжаттамасын әзірледі. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, мердігер мекеме анықталған. «СИГРОСТ» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жоспарға сәйкес, биыл қараша айында аяқтамақ.
Тоғыс тұрғын алабында ұзақ жылдар бойы шешімін таппай, жекеменшікте қалған «Қазығұрт» мәдениет үйі қала меншігіне өтетін болды. Мәдениет үйінің іргетасы 1988 жылы қаланған. Қала басшылығының тікелей араласуымен қазіргі таңда мемлекетке сыйға тарту жұмыстары атқарылуда. Аудан әкімдігі ендігі кезекте мәдениет үйін қайта жаңғыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.