ДӘРІГЕРЛЕР САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДА 400-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТҚА КЕҢЕС БЕРДІ Избранное

Пятница, 16 Август 2024 06:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 892 раз

ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен өткен «Денсаулық бұрышы» акциясында дәрігерлер 400-ге жуық азаматқа кеңес берді.

dariger

 

Шара барысында «Студенттік емхана», №14емхана және «Kameya Pharm» клиникасының бейінді мамандары тобы «ОӘД», «Север» және «Бекжан» сауда орталықтарында сатушылар мен қала тұрғындарын қабылдап, медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетті.
Хирург, невропатолог, акулист, психолог және акушер-гинеколог, гастроэнтеролог сынды бейінді мамандар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, алдағы уақытта ем-шара қабылдауларына бағыт-бағдар берді.
Шара барысында, сондай-ақ, Қор филиалының мамандары МӘМС жүйесінің маңыздылығы туралы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді. Ұйымдастырушылар іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткен «ОӘД» мен «Север» және «Бекжан» сауда орталықтарының басшылығына алғысын білдіреді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.