«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ Избранное

Пятница, 16 Август 2024 06:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 879 раз

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы «Таза бейсенбі» іс-шарасы Абай саябағында жалғасты. AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы өкілдері және аудандық атқарушы хатшылар, Тұран ауданы әкімдігі, мәслихат депутаттары да акцияға белсене үлес қосты. Жалпы экоакцияға 100-ден астам адам қатысты.

tazaBB

 

«Тазалық – иманның жартысы» деген. Тұран ауданының төбе биі Сембек Битайұлы қоршаған ортаны таза ұстау әрбіріміздің міндетіміз екенін, аталған іс-шаралар жастарға үлгі екенін атап өтті. Ардагер «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында сананы да тазарту керектігін айтады.
Іс-шарада саябақтағы орындықтар, қоқыс жәшіктері сырланып, аумақтағы қоқыстарды шығару жұмыстары атқарылды. Тұран ауданының коммуналдық мекемелері, қоғамдық белсенділер, ауданның ардагерлері де санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Жалпы 10-ға жуық техника жұмылдырылды.
Жалпыұлттық жоба басталғалы аудан аумағында 20-дан астам ауқымды іс-шара өткізілді. Онда саябақтар, қоғамдық-әлеуметтік мекемелер аумақтары, өзен-көл арналары қоқыстан тазартылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.