Озық технологиялы ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің шеңберінде жүзеге асырылуда.
Қалалық №2 ауруханасының дәрігерлеріне бұл күндері күрделі отаны жасау бойынша шеберлік сабағы да өтуде. Ақ желеңділер өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттыруда. Аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позиловтың айтуынша, ангиограф аппаратының көмегімен 9 пациентке күрделі ота жасалған.
Мұндай әдіс қан ағымын жақсартып, жараның жазылуына жақсы ықпал етеді. Сәйкесінше қант диабетімен ауыратын науқастардың өмір сапасын жақсартады.