Шымкент қаласы әкімінің аппарат мәжілісінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында гранттардың, шағын несиелердің тиімділігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар мен Наурыз мерекесіне дайындық жайы талқыланды.
Шымкент қаласында 14-35 жас аралығында 381796 жас бар. 2023-2024 оқу жылында 8 жоғары оқу орнында 74 451 студент және 38 орта арнаулы оқу орнында 49493 студент білім алуда.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Еркін Отарғалымұлы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша баспасөз брифингін өткізді. Еркін Отарғалымұлы Шымкент қаласында жағдай тұрақты екенін мәлімдеп, азаматтық қорғау қызметтерінің дайындық шараларынан хабардар етті.
«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің 2023 жылы атқарған жұмысы мен алдағы жоспары туралы баспасөз брифингі өтті. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев еңбек қатынастарын реттеу, жалақы қарыздарын өтеу, еңбек дауларын шешу бағытындағы жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлардан хабардар етті.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов және «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» республикалық кәсіпорнының Шымкент қалалық филиалының басшысы Мұхтар Дүйсембеков баспасөз брифингінде өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Елімізде жас ғалымдарды қолдау мақсатында қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы іске қосылып, мемлекеттің қолдауына ие болғандардың қатары артып отыр. Олардың ішінде Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары да бар. Жыл басынан бері оқу ордасының 8 ғалымы баспана кілтіне ие болды.
«Отбасы банк» АҚ-да 15 ақпаннан бастап «Сандық» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Осыған орай, аталған банк пен OKS Group құрылыс компаниясының директорлары меморандумға қол қойды. «Отбасы банк» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев жаңа бағдарламаның шарттарын түсіндірді.
Жыл басынан бері Шымкентте COVID-19 инфекциясымен 30 жағдай тіркелді. Оның бәрі де коронавирустың симптомсыз түріне шалдыққан. Олардың төртеуі – 18 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев мәлімдеді.
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов БАҚ өкілдеріне арналған брифингте өткен жылы спорт саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың 8 ақпан күнгі «Ауа-тамшы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» Қаулысына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында бетперде тағып жүру режимі енгізілді.