АСЫҚ АЛШЫСЫНАН ТҮСЕТІН КҮН ЖАҚЫН Избранное

Среда, 05 Октябрь 2022 08:38 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1002 раз

Шымкент қаласы Әл-Фараби кітапханасында зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауындағы қадаулы мәселелер төңірегінде пікірлесті. Жиынның әрбір қатысушысы өз ойымен бөлісіп, Жолдауда айтылған әр бағытты кеңінен тарқатты.

354

 

«Аманат» партиясы Қаратау ауданы филиалының атқарушы хатшысы Әбдез Рахманұлы бұл жолғы Жолдау халықтың әлеуметтік мәселесі мен балалардың болашағын инвестициялаудың тың әдістері ұсынылғанын айтты. Сонымен бірге алдағы кезектен тыс сайлаудың маңыздылығына тоқталды.
– Маусым айында жалпыхалықтық референдумда Заңға өзгеріс енгізу үшін дауыс бердік. Көп ұзамай ең алғашқы өзгеріс Президент Жолдауында көрініс тапты. Мемлекет басшысы жер мен оның қойнауындағы байлық халыққа тиесілі екенін атап өтті. 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың инвестициялық түсімінің 50 пайызы балалардың жеке шотына аударылып отыратын болды. Болашақта осы қаржыны 18-ге толған әрбір жас сапалы білім мен баспана алуға жұмсайды. Өркениетке бет алған ел үшін өте дұрыс шешім болды. Әлемдік тәжірибеде 5 жыл жұмыс істеген компанияға ел сеніммен қарайды екен. Ал мемлекеттік басқаруда Ұлттық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыруға 7 жыл қажет екенін сарапшылар айтуда. Елімізде Президенттің тек бір рет, 7 жылға сайлануы да халықтың әл-ауқатын көтеріп, экономиканы дамытуға жеткілікті деп ойлаймын, – деді Ә.Рахманұлы.
Әл-Фараби атындағы кітапхананың директоры Анар
Жаппарқұлова дамудың әр саласын бүге-шүгесіне дейін қамтыған Жолдау болғанын өз ойларымен түйіндеді.
– Әділетті мемлекет дегенде бұрын тек құжат жүзінде орындалатын істер сияқты көрінетін. Қазір күннен-күнге орын алып жатқан өзгерістер мен жағымды жаңалықтардың күәсі болғаннан кейін шын мәнінде Жаңа Қазақстан қалыптасып жатқанына өте қуаныштымыз, – деді ақын.
«Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Бақтияр Тайжан биылдың өзінде көптеген игі істер іске асырылып, халыққа қолайлы орта қалыптасқанын айтады.
– Әлемде жер көлемі жағына 9-орында тұрған елімізде ауыл шаруашылығы ақсап тұрғаны жасырын емес. Етті Бразилиядан импорттаудың өзі осыған дәлел. Биыл Президенттің тапсырмасына сәйкес игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекет иелігіне қайтарылды. Осы жылдың соңына дейін 5 млн жерді қайтару жоспарланып отыр. Келесі жылдың соңына дейін Мемлекет басшысы тағы 10 млн гектар игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жерді мемлекетке қайтаруды тапсырды. Осы қайтарылған жер шаруалар мен дихандарға берілсе, ауылшаруашылығының асығы алшыннан түсетін еді, – дейді Б.Тайжан.
Әділетті қоғам құру үшін еңбек адамының істері еленуі керек. Жиында сөз алған журналист Зәуре Оралбаева осылай деді.
– Президент Қ.Тоқаев әр сөзінде әділетті қоғамда еңбек адамы бірінші кезекте екенін айтады. Әр сала нағыз білікті мамандардың еңбегімен дамиды. Олай болса, әділетті мемлекетті құруда бірінші кезекте еңбек адамының еңбегі бағалануы керек. Әр адам өзіңнің жұмысына аса жауапкершілікп қараса, кез келген сала жүйеленеді, әрі қарай дамиды. Сондықтан, елдің дамуы бір ғана мемлекетке емес, әрбір азаматқа, яғни еңбек адамына байланысты, – дейді тәжірибелі журналист.
Айта кетейік, Шымкентте зиялы қауым өкілдерінің бас қосуымен түрлі саладағы тақырыптар қамтылып, іс-шараларға арқау болуда. Бұл жолы Президенттің Жолдауындағы іске асуы тиіс бағыттар сараланды.