МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – АДАМ Избранное

Среда, 05 Октябрь 2022 08:37 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1095 раз

Шымкентте Azala Cotton кәсіпорнының еңбек ұжымында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауын іске асыру бойынша кездесу өтті. Еңбек ұжымымен кездесуге қалалық қоғамдық кеңес мүшелері келді. Жиында алдымен Шымкент қалалық кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің төрағасы, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан ӘЛТЕЕВ сөз алды.

357

 

– Мемлекет өздігінен өмір сүре алмайды. Оның басты құндылығы – адам, адам ресурстары, аумақтық тұтастық және экономика. Экономика мемлекеттің дамуына ғана емес, оның әр азаматының әл-ауқатын арттыруға да бағытталуы керек. Қоғамдық кеңес жанынан іс-шараларымызды жоспарлайтын, еңбек ұжымдарын таңдайтын қалалық штаб құрылған. Біз әр адаммен көзбе-көз кездесеміз, жан-жақты түсіндіреміз. 1991 жыл мен қазіргі жағдайымызды салыстырыңыз. Бүгінде жеткен жетістіктеріміз көп. Иә, кемшіліктер болды және бар. Мемлекет – тірі ағза, ол дамып келеді. Адамдар, мемлекеттік қызметкерлер бір жерде қателесуі мүмкін, біз одан сабақ аламыз. Тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүргенімізге небәрі 30 жыл болды. Бұл өте аз! Бірақ біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Ал жеткен жетістіктеріміз еселене түсуі керек. Биылғы Жолдауда саяси реформадан экономикалық реформаларға көшетін кез келгені айтылған. Мысалы, Ұлттық қордан балаларға 18 жасқа жеткенше төлем аудару. Мұндай жаңалық елімізде қашан болып еді? Біз Біріккен Араб Әмірліктерін әрдайым үлгі етіп келеміз. Ал бізде бірдей жүйе бар. Өндіріс өсуі керек, оған көмектесуіміз керек, – деп түсіндірді Б.Әлтеев.

356


Президент Жолдауындағы еліміздің экономикалық дамуы, жаңа тарифтік саясатқа көшу қажеттігі, Салық кодексіндегі өзгерістер де өзекті. Кәсіпкерлікті қолдауға, нақты секторды тұрақты несиелендіруге көп көңіл бөлінуде. Өзгерістер медицина мен білім саласына да әсер етті. Жолдаудағы маңызды жайттың бірі – зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі де назардан тыс қалмады, бала күтімі бойынша төлем мерзімін 1,5 жылға дейін ұлғайту дер кезінде қабылданған шешім болды. Б.Әлтеев осы мәселелер жөнінде ой қорытындылады.
Қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Ербол Жолбарысов мұндай кездесулерге халықтың алғысы шексіз екенін баса айтты.
– Біз реформалар бойынша түсіндіріп келеміз. Конституциялық заңға 49 өзгеріс енгізілді. Мұны әр адам анық түсініп, білуі керек. Біздің жоспарымызда еңбек ұжымдарымен көптеген кездесулер бар, – деді Е.Жолбарысов.
Қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі, бюджет және экономика жөніндегі комиссия төрағасы
Исмаилбек Шалабаев осындай кездесулерде тұрғындардың әлеуметтік сауалдарды жиі қоятынын айтты.
– «Азала» фабрикасының қызметкері АӘК алу үшін әртүрлі кеңселерге көп баратындарын айтты. Енді құзырлы орындарға барудың қажеті болмайды, бәрі автоматтандырылады. Медиация органдарымен, осы салаға жауапты жетекші мамандармен келісіміміз бар. Олар тегін көмек көрсетеді, – деді И.Шалабаев.
Қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің Жолдауын бойынша жоспарында апта сайын еңбек ұжымдарымен кездесу бар. Бұл жұмыс өз жемісін беруде. Жиыннан кейін халық спикерлерді көпке дейін жібермей, сауалдарын қойып, елімізде болып жатқан өзгерістер мен реформаларға қызығушылық танытты.

Н.ХАЙКИНА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.